---
title: "Тоқаев Қосановпен армияны жаңғырту жоспарын талқылады"
description: "Президент Қорғаныс министрін қабылдап, әскердің жауынгерлік дайындығы мен инфрақұрылымын жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар қойды."
author: "akorda"
published: "2025-06-08T10:14:35+00:00"
modified: "2025-06-08T10:14:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-korganys-ministrimen-kezdesip-armiyanyn-damuy-boyynsha-nuskaular-berdi-1014686"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-korganys-ministrimen-kezdesip-armiyanyn-damuy-boyynsha-nuskaular-berdi-1014686/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Қосановпен армияны жаңғырту жоспарын талқылады

> Президент Қорғаныс министрін қабылдап, әскердің жауынгерлік дайындығы мен инфрақұрылымын жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар қойды.

**Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады**

➤ Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады.

➤ Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-korganys-ministrimen-kezdesip-armiyanyn-damuy-boyynsha-nuskaular-berdi-1014686](https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-korganys-ministrimen-kezdesip-armiyanyn-damuy-boyynsha-nuskaular-berdi-1014686)