---
title: "Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт."
description: "Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауы Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи құжат. Ө..."
author: "aksualmaty2020"
published: "2022-10-21T09:56:58+00:00"
modified: "2022-10-21T09:56:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-asym-zhomart-to-aevty-diletti-memleket-birt-tas-lt-976819"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-asym-zhomart-to-aevty-diletti-memleket-birt-tas-lt-976819/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт.

> Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауы Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи құжат. Ө...

Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауы Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи құжат. Өйткені бұл Жолдау әдідетті Қазақстанды құру ісінің бастамасы ретінде жүзеге асырылатын алдағы реформалардың бағыт –бағдарларын айқындап, нақты шешу жолдарын көрсетіп отыр. Реформалардың 5 нақты бағдары «халық үніне құлақ асатын Мемлекет» қағидасын өзек етеді. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция бағдарында ең басты құндылығымыз адамның денсаулығын сақтау саласына үлкен мән берілген. Сайлауалды бағдарламаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын денсаулық, білім, әлеуметтік салалары Жолдауда жан-жақты талқыланып, нақты шешу жолдары көрсетіліп отыр. Біздің өңір бойынша әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы ретінде кеңес отырыстарында осы мәселелерді үнемі біз де талқылап келеміз.Мемлекет басшысы елімізде 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ екенін тілге тиек етіп, алдағы 2 жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік– акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетінін, Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заман талабына сай жаңаратынын да айтты. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдерінің ашылуы 4 миллионнан астам адамға көрсетілетін медицинаклық көмектің сапасын арттырады. Бұл халық үшін жасалатын аса маңызды іс. Сонымен қатар медициналық оқу орындары жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылып, алдағы 3 жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70%-ға көбейсе, медицина саласын дамытуға үлкен септізін тигізері сөзсіз. Қазіргі нарық жағдайына сәйкес ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру зейнет ақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на, ал жоғары шегін 120%-ға жету көзделіп отыр. Қоғамда қызу талқыланып, референдумда көтеріліп жүрген әйел адамдардың зейнеткерлік жасы туралы мәселе де осы Жолдауда өз шешімін тауып отыр. 2028 жылға дейін әйел адамдардың зейнет жасын 61 жас деңгейінде қалдыру ұсынылды. Сол сияқты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби 1,5 жасқа толғанша ұзарту да ата-аналарға қолдау болатынына сенемін. Тағы бір қуанышты жағдай «Ұлттық қор-балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаның іске асырылуы. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 % балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына 18 жасқа толғанша аудару жасөспірімдер мен олардың ата-аналары үшін де үлкен көмек. Әр бала кәмелеттік жасқа толғанда ғана жинақталған қаржысын баспана алуға немесе білім алуына жұмсай алады.«Самұрық-Қазына» қорының таза пайдасының кемінде 7% «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударатыны, бұл қор қаражатын молайтуға, сол қор арқылы ауқымды шараларды іске асыруға үлкен септігін тигізетіні белгілі. Осы орайда «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерін әдістемелік қолдау» қайырымдылық жобасына республика бойынша барлығы 17 мектеп енсе, біздің Жетісу облысынан бір ғана мектеп- біздің Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің енуі- біз үшін жағымды жаңалық болып отыр. «Күшті Президент – ықпалды Парламент -есеп беретін Үкімет» формуласын жүзеге асыруға өзіндік ықпал ететін Президент сайлауының биылғы жылы, келесі жылғы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні, содан кейін Үкімет құрамының қайта жасақталатыны туралы Президенттің шешімі – батыл қадам, тарихи кезең болғалы тұр. Сөзімді қорытындылай келе, Жолдауда көтерілген игілікті істер оң шешімін тауып, халқымыздың береке -бірлігі арта берсін дегім келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, берек-бірлікті, өзара ынтымақтастықты сақтау аса маңызды. Әділетті Қазақстан құру жолында бірлесе еңбек етейік. Болашағымыз жарқын, еліміз аман болсын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-asym-zhomart-to-aevty-diletti-memleket-birt-tas-lt-976819](https://yvision.kz/kk/post/memleket-basshysy-asym-zhomart-to-aevty-diletti-memleket-birt-tas-lt-976819)