---
title: "«МЕМЛЕКЕТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» атты пікір-сайыс ойындары"
description: "2015 жылдың 7 желтоқсанында Департаменттің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-12-10T06:25:46+00:00"
modified: "2015-12-10T06:31:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-b-gini-men-keleshegi-atty-pikir-sayys-oyyndary-667027"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memleket-b-gini-men-keleshegi-atty-pikir-sayys-oyyndary-667027/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «МЕМЛЕКЕТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» атты пікір-сайыс ойындары

> 2015 жылдың 7 желтоқсанында Департаменттің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 ...

![«МЕМЛЕКЕТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» атты пікір-сайыс ойындары](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/8trqo1112sKfnWNLbzT2LO6d1VQ9ke.jpg)

2015 жылдың 7 желтоқсанында Департаменттің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын», Департаменттің ұйымдар және мекемелермен қол қойылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл Жоспарын іске асыру мақсатында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде пікір-сайыс ойындары өтті. Шараның міндеттері - сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күнін атап өту;
- оқушылардың сөйлеу шеберліктерін арттыру;
- жастардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту; Шараға Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені, Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларынан құралған командалары қатысты. Пікір-сайыс ойындары барысында «Бұл палата бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеудің тиімді механизмін ұсынады», «Бұл палата Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың болу себебінің алғышарттарын көрсетеді», «Бұл палата сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді жолдарын ұсынады» қарарлары талқыланды. «БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшылары, республикалық және халықаралық пікір-сайыс турнирлерінің жеңімпаздары ойынға төрелік етті. Ойын соңында республикалық және халықаралық пікір-сайыс ойындарының жеңімпаздары шара туралы өз ойларын білдірді. Одан әрі басқарма басшысы А.Жұбаныш қатысушылардың жеңіске жету үшін белсенділігі мен қажырлығын, сапалы білім алуға мол мүмкіндіктер бар екендігін айтып, Департамент атынан пікір-сайысшыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

![«МЕМЛЕКЕТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» атты пікір-сайыс ойындары](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/6SG3AJlbVIpiXypW25DbEwyQCxgQ47.jpg)

![«МЕМЛЕКЕТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» атты пікір-сайыс ойындары](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/L6I6O1V9gVRj2i2jkY88375T4OkUY6.jpg)

![«МЕМЛЕКЕТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» атты пікір-сайыс ойындары](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/7ajYaV4yudm17lm659GFqiNDaruzIu.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memleket-b-gini-men-keleshegi-atty-pikir-sayys-oyyndary-667027](https://yvision.kz/kk/post/memleket-b-gini-men-keleshegi-atty-pikir-sayys-oyyndary-667027)