---
title: "Мэлс Елеусізовтің депутат баласы қағаздан бір сөзді оқи алмай, боқтап жіберді"
description: "\"Противоэпизоотические\" деген сөзді айта алмады ғой. Демек, өз баяндамасын өзі жазбаған. Алматы мәслихатының депутаты отырыс кезінде боқтық сөз айтты. Тимур Елеусізо"
author: "seri.jigit"
published: "2024-02-21T10:33:35+00:00"
modified: "2024-02-21T10:33:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mels-eleusizovti-deputat-balasy-a-azdan-bir-s-zdi-o-i-almay-bo-tap-zhiberdi-1001415"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mels-eleusizovti-deputat-balasy-a-azdan-bir-s-zdi-o-i-almay-bo-tap-zhiberdi-1001415/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мэлс Елеусізовтің депутат баласы қағаздан бір сөзді оқи алмай, боқтап жіберді

> "Противоэпизоотические" деген сөзді айта алмады ғой. Демек, өз баяндамасын өзі жазбаған. Алматы мәслихатының депутаты отырыс кезінде боқтық сөз айтты. Тимур Елеусізо

![Мэлс Елеусізовтің депутат баласы қағаздан бір сөзді оқи алмай, боқтап жіберді](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/7c3e0465e2853c5b0b49f216199919.jpg)

"Противоэпизоотические" деген сөзді айта алмады ғой.

Демек, өз баяндамасын өзі жазбаған.

Алматы мәслихатының депутаты отырыс кезінде боқтық сөз айтты.

Тимур Елеусізов "противоэпизоотические" сөзін айта алмай, артынан боқтап жіберді", - деп жазады https://t.me/patriot_patriot.

Біздің қоспағымыз, ол бұдан басқа сөздерді де шатып-бұтып әрең оқыды ғой.

Депутат артынан осы қылығы үшін кешірім сұрап, айыбын төлейтінін айтыпты. Енді одан не пайда? Деңгейі белгілі болып қалды емес пе?

Айта кетейік, Тимур Елеусізов - белгілі қоғам қайраткері, эколог Мэлс Елеусізовтің ұлы.

Ал видеоны [мына жерден](https://web.telegram.org/a/#-1001497373963) көруге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mels-eleusizovti-deputat-balasy-a-azdan-bir-s-zdi-o-i-almay-bo-tap-zhiberdi-1001415](https://yvision.kz/kk/post/mels-eleusizovti-deputat-balasy-a-azdan-bir-s-zdi-o-i-almay-bo-tap-zhiberdi-1001415)