---
title: "Мектепте Тәуелсіздіктің құрметіне ұйымдастырылған флешмоб"
description: "Шымкент қаласында № 86 орта мектептің оқушылары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флеш..."
author: "shymcity"
published: "2016-11-23T00:53:47+00:00"
modified: "2016-11-23T00:53:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mektepte-t-uelsizdikti-rmetine-yymdastyryl-an-fleshmob-729186"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mektepte-t-uelsizdikti-rmetine-yymdastyryl-an-fleshmob-729186/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мектепте Тәуелсіздіктің құрметіне ұйымдастырылған флешмоб

> Шымкент қаласында № 86 орта мектептің оқушылары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флеш...

Шымкент қаласында № 86 орта мектептің оқушылары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флешмоб өткізді. 8-10 сыныптарда оқитын екі жүзден астам оқушы мектеп ауласында «Қазақстан» сөзін жазып шығу үшін сапқа тұрды.Одан кейін мектепте дөңгелек үстел өткізіліп, мұнда мектеп оқушылары мен ұстаздар пікір алмасты, жастар өміріндегі мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы талқылады. Іс-шара оқушылардың өз Отандарына арнаған бұйымдарының көрмесімен және оқушылардың шығармашылық ұжымы ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды. Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, қалалық білім бөлімінің басшылары қатысты.Шымкент қ. Ішкі саясат бөлімінің ақпараты бойынша.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mektepte-t-uelsizdikti-rmetine-yymdastyryl-an-fleshmob-729186](https://yvision.kz/kk/post/mektepte-t-uelsizdikti-rmetine-yymdastyryl-an-fleshmob-729186)