---
title: "Мектеп ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет"
description: "А.ж. 25 сәуірде Көкшетау қ. №16 мектепте Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасыны..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-27T15:49:13+00:00"
modified: "2017-04-27T15:49:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mektep-ortasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-765108"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mektep-ortasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-765108/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мектеп ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

> А.ж. 25 сәуірде Көкшетау қ. №16 мектепте Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасыны...

А.ж. 25 сәуірде Көкшетау қ. №16 мектепте Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері А. Галеева «Мектеп ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді.

Аталған іс-шараның міндеті – рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын түсіндіру.

Мақсаты - мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Кездесу барысында оқушылар: «Сыбайлас жемқорлық деген не?, бұл әлеуметтік зұлымдықтың салдары қандай?, пара беруді сыбайлас жемқорлық элементі ретінде санауға бола ма?», - сынды сауалдар қойып,пара алушылар мен пара берушілерге қандай жауапкершілік шаралары қолданылатыны, ел экономикасына парақорлықтың келтіретін зияны туралы пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараға 24 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/emblema17112016151412_0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mektep-ortasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-765108](https://yvision.kz/kk/post/mektep-ortasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-765108)