---
title: "Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру"
description: "А.ж. 25 қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Беккажан..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-02-05T03:58:00+00:00"
modified: "2017-02-05T03:58:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mektep-ortasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-z-arasty-alyptastyru-754042"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mektep-ortasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-z-arasty-alyptastyru-754042/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру

> А.ж. 25 қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Беккажан...

А.ж. 25 қаңтарда Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Беккажанова Көкшетау қ. №3 және №4 орта мектептерінде Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстарымен және «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысымен және «Парасатты азамат» бұрыштарымен танысты. №3 орта мектепте «Адал Ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі аспектілері, «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысы, Депатаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қызметі туралы әңгіме өрбіді. ![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/emblema17112016151412.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mektep-ortasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-z-arasty-alyptastyru-754042](https://yvision.kz/kk/post/mektep-ortasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-z-arasty-alyptastyru-754042)