---
title: "Мектеп ішілік сыбайлас жемқорлық туралы терминологиялық сөздіктің тысаукесері"
description: "2015 жылдың 21 мамыр күні М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Респу..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-05-22T07:58:37+00:00"
modified: "2015-05-22T07:58:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mektep-ishilik-sybaylas-zhem-orly-turaly-terminologiyaly-s-zdikti-tysaukeseri-503742"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mektep-ishilik-sybaylas-zhem-orly-turaly-terminologiyaly-s-zdikti-tysaukeseri-503742/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мектеп ішілік сыбайлас жемқорлық туралы терминологиялық сөздіктің тысаукесері

> 2015 жылдың 21 мамыр күні М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Респу...

![Мектеп ішілік сыбайлас жемқорлық туралы терминологиялық сөздіктің тысаукесері](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/uNUAiaz3SyS27RXnR0ng44111k4718.jpg)

2015 жылдың 21 мамыр күні М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық туралы терминологиялық сөздіктің тысаукесері сыныптан тыс сабақ ретінде өткізілді. Сабақ барысында сөздіктің авторлары А.Қадришова, А.Нұрмұханбетова, Р.Жоламанова және 10 «Б» сынып оқушылары А.Боранбаева мен Р.Амангелді сөздікті қатысушылармен қонақтарға үш тілде түсіндіріп өтті. Сыныптан тыс өткізілген сабаққа Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консульанты Е.Төлепқалиев және М.Б.Ықсанов атындағы қоғамдық қор жетекшісі А.Атаев пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ө.Құспанов қатынасып, сыбайлас жемқорлық қоғамның індеті екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стартегиясында» айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитетті қалыптастыру барлық қоғамның мүшесінің міндеті екендігін атап өтті. Шара соңында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады? тақырыбында жаднамалар таратылды.

![Мектеп ішілік сыбайлас жемқорлық туралы терминологиялық сөздіктің тысаукесері](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/7PTSNReCHOG9Q5d7O5jDyR1IWB6pBK.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mektep-ishilik-sybaylas-zhem-orly-turaly-terminologiyaly-s-zdikti-tysaukeseri-503742](https://yvision.kz/kk/post/mektep-ishilik-sybaylas-zhem-orly-turaly-terminologiyaly-s-zdikti-tysaukeseri-503742)