---
title: "Мекемеге тиесілі машиналар жымқырылған"
description: "Жамбыл облысындағы Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан...."
author: "orazali"
published: "2024-06-21T04:48:45+00:00"
modified: "2024-06-21T04:49:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mekemege-tiesili-mashinalardy-sat-an-1005890"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mekemege-tiesili-mashinalardy-sat-an-1005890/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мекемеге тиесілі машиналар жымқырылған

> Жамбыл облысындағы Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан....

*Жамбыл облысындағы Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/1c874cbe778088bf1b2f7b20b7c78c.jpg)

Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн** **теңге болған.

Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеді.

Іс шеңберінде прокуратурамен құны 10 млн** **теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн** **теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

** **

**Жамбыл облысының прокуратурасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mekemege-tiesili-mashinalardy-sat-an-1005890](https://yvision.kz/kk/post/mekemege-tiesili-mashinalardy-sat-an-1005890)