---
title: "Медициналық қызмет сапасы мен дәрілер бағасы үнемі бақыланады"
description: "Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте облысымыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, медициналық қызметке ..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-13T23:18:38+00:00"
modified: "2015-09-13T23:18:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/medicinaly-yzmet-sapasy-men-d-riler-ba-asy-nemi-ba-ylanady-540118"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/medicinaly-yzmet-sapasy-men-d-riler-ba-asy-nemi-ba-ylanady-540118/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Медициналық қызмет сапасы мен дәрілер бағасы үнемі бақыланады

> Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте облысымыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, медициналық қызметке ...

![Медициналық қызмет сапасы мен дәрілер бағасы үнемі бақыланады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/WsqGi1Dl1sIf9x7Lb9G9J4P8XU7x4T.jpg)

Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте облысымыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, медициналық қызметке ақы төлеу, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттері басшыларының қатысуымен баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша республикамызда Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу жүргізілуде. Бұл алға қойған мақсаттарға жету үшін бірегей механизм болып табылады, сондықтан кездесуге медициналық қызметке ақы төлеу және фармацевтикалық қызметті бақылау жүйесі туралы халықты барынша ақпараттандыру мақсатында Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі облыстық аумақтық департаменттерінің жетекшілері шақырылды.Жұмысының негізгі мақсаты – кепілдендірілген тегін медициналық көмекті ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру есептелетін, медициналық қызметке ақы төлеу департаментінің басшысы Д.Ж. Бейсембаев сөз алу барысында, стационарлық, стационарлық орналастыру және жоғары-мамандандырылған медициналық көмекке жұмсау үшін, биылғы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 6,5 млрд. теңге бөлінгендігін жеткізді.Сондай-ақ аталған мекеме жетекшісі, Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі аясында бәсекелі орта қалыптасқандығын және барлық шығындардың өтелуімен жоғары-мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігі туындағанын атап өтті.Ал, медициналық қызмет көрсету сапасы және дәрілік заттар айналымы, медициналық техниканың мақсатты жұмсалуы жөніндегі сұрақтарға медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А. Алыпқарина жауап берді.

![Медициналық қызмет сапасы мен дәрілер бағасы үнемі бақыланады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0vpTQNUJrNrlQ3Vn9NDOUkzz4wohIs.jpg)

БАҚ өкілдерін бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған – теңгенің еркін айналым бағамына көшуіне байланысты, медициналық қызметтер мен дәрілік заттар бағасының артуы мазалады.Бұған А.А. Алыпқарина: «Біздің Департамент 2015 жылдың басында жеке медициналық және дәріханалық ұйымдар иелерімен тауардың 200 түріне бағаларды ұстап тұру жөніндегі меморандум жасасқан. Сондықтан тұрғындарға алаңдаудың еш негізі жоқ. Сонымен қатар, бақылау мақсатында, заң бұзушылықты анықтау үшін азаматтардың өтініштері бойынша жоспарлық және жоспардан тыс тексерістер тұрақты түрде өткізіледі»-деп, мәлімдеді.Брифинг қорытындысы бойынша медициналық қызметті көрсету сапасын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.

![Медициналық қызмет сапасы мен дәрілер бағасы үнемі бақыланады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/F1ZeYZcLQMeoKMcSWM4LnsOXUUYKs3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/medicinaly-yzmet-sapasy-men-d-riler-ba-asy-nemi-ba-ylanady-540118](https://yvision.kz/kk/post/medicinaly-yzmet-sapasy-men-d-riler-ba-asy-nemi-ba-ylanady-540118)