---
title: "Медициналық ұйымдарды аккредиттеудің 2014 жылғы қорытындысы шығарылды"
description: "2014 жылы 5 желтоқсанда Республикалық денсаулық сақтау саласын дамыту орталығында (РДСДО) 2014 жылы ..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2014-12-12T09:20:18+00:00"
modified: "2014-12-12T09:20:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/medicinaly-yymdardy-akkreditteudi-2014-zhyl-y-orytyndysy-shy-aryldy-448342"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/medicinaly-yymdardy-akkreditteudi-2014-zhyl-y-orytyndysy-shy-aryldy-448342/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Медициналық ұйымдарды аккредиттеудің 2014 жылғы қорытындысы шығарылды

> 2014 жылы 5 желтоқсанда Республикалық денсаулық сақтау саласын дамыту орталығында (РДСДО) 2014 жылы ...

2014 жылы 5 желтоқсанда Республикалық денсаулық сақтау саласын дамыту орталығында (РДСДО) 2014 жылы өткен медициналық ұйымдарды аккредиттеу қорытындысы өткізілді.

Жоғары нәтиже көрсетіп, 4 жылға аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдардың басшыларына аккредиттеуден өткені туралы куәліктер салтанатты жағдайда табыс етілді.

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу - ерікті түрде жүргізілетін шара. Ағымды жылда сыртқы бағалаудан өтуге 227 медициналық ұйым ерік білдірді. 44 медициналық ұйым (20%) аккредиттеу стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейін көрсетті (80-100%) және 4 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті.

Аккредиттеу өткізу рәсіміне 200-ден астам сарапшы тартылды. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің және РДСДО Аккредиттеу орталығының қызметкерлерінен басқа медициналық ұйымдардың өкілдері - тәжірибелі, ғылыми дәрежелері бар дәрігерлер мен орта медициналық мамандар қатысты. Медициналық ұйымдардың ұлттық аккредитациясы 2009 жылы басталып, аккредиттеу бойынша сарапшылардың тізілімі құрылды. Сарапшылар аккредиттеу мәселері бойынша оқудан өтеді және медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарының сәйкестігін бағалауға қатысады.

Сонымен қатар, кейбір медициналық ұйымдардың жетекшілері аккредиттеу бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Аккредитацияның ұлттық жүйесі бойынша жетілдіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Аккредиттеуден өтуге ынталандыру жүйесін енгізу жоспарлануда, сонымен қатар медициналық қызмет деңгейіне, жоғары технологияларды қолдануына және нәтижелік индикаторларына қарай аккредиттеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің басымдықтарын және медициналық қызмет сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты халықаралық талаптарды ескере отырып, аккредиттеу стандарттары жетілдіріледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/medicinaly-yymdardy-akkreditteudi-2014-zhyl-y-orytyndysy-shy-aryldy-448342](https://yvision.kz/kk/post/medicinaly-yymdardy-akkreditteudi-2014-zhyl-y-orytyndysy-shy-aryldy-448342)