---
title: "Медицина қызметкерлеріне арналған семинар – кеңесі"
description: "Ағымдағы жылдың 24 қарашасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-11-26T04:25:09+00:00"
modified: "2015-11-26T04:25:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/medicina-yzmetkerlerine-arnal-an-seminar-ke-esi-663767"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/medicina-yzmetkerlerine-arnal-an-seminar-ke-esi-663767/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Медицина қызметкерлеріне арналған семинар – кеңесі

> Ағымдағы жылдың 24 қарашасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағ...

**Ағымдағы жылдың 24 қарашасында** сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағидатын қалыптастыру және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің негізгі бағыттарын кеңінен жариялау мақсатында ШЖҚ «№5 қалалық емхана» МКК-ң қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес барысында қатысушылар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстердегі өзгерістерімен таныстырылды, сонымен бірге 1494 Кеңесші орталығы туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар, іс-шара қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамалары таратылды және толтыруға сауалнамалар ұсынылыды.

![Медицина қызметкерлеріне арналған семинар – кеңесі](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/w05bUddbwIGbeTf77KQxV3Wjwc05nT.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/medicina-yzmetkerlerine-arnal-an-seminar-ke-esi-663767](https://yvision.kz/kk/post/medicina-yzmetkerlerine-arnal-an-seminar-ke-esi-663767)