---
title: "Майра Илиясова: «Сағындырған әндер-ай» кеші биыл 10-шы рет өтеді"
description: "ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Илиясова және әнші, «Серпер» сыйлығының иегері Гүлнұр Оразымбетова - ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-12T23:48:08+00:00"
modified: "2015-11-12T23:48:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mayra-iliyasova-sa-yndyr-an-nder-ay-keshi-biyl-10-shy-ret-tedi-637974"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mayra-iliyasova-sa-yndyr-an-nder-ay-keshi-biyl-10-shy-ret-tedi-637974/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Майра Илиясова: «Сағындырған әндер-ай» кеші биыл 10-шы рет өтеді

> ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Илиясова және әнші, «Серпер» сыйлығының иегері Гүлнұр Оразымбетова - ...

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Илиясова және әнші, «Серпер» сыйлығының иегері Гүлнұр Оразымбетова - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

![Майра Илиясова: «Сағындырған әндер-ай» кеші биыл 10-шы рет өтеді](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/cm6jmFwlVPPgvzH4Stxv1ZE23B2nZU.png)

Гүлнұр Оразымбетова 15 қарашада Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін өткізбек.

Ал, 16 қараша, сағат 19.00-де Майра Илиясованың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Сағындырған әндер-ай» атты ретро ән кеші өтеді. Оған республикаға танымал 75 әнші қатысады.

«Мақсатымыз - ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу. Бұл - «Сағындырған әндер-айдың» 10 жылдан бері атқарып келе жатқан негізгі миссиясы», дейді Майра Илиясова.

Сұхбаттың толық нұсқасын [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) көріңіздер.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mayra-iliyasova-sa-yndyr-an-nder-ay-keshi-biyl-10-shy-ret-tedi-637974](https://yvision.kz/kk/post/mayra-iliyasova-sa-yndyr-an-nder-ay-keshi-biyl-10-shy-ret-tedi-637974)