---
title: "«Майдан жолы» әскери іздеу жасағының пресс-конференциясы"
description: "Қазақстан электролиз зауыты базасында құрылған «Майдан жолы» барлау ғылыми-зерттеу жасағы 22-ші сәуі..."
author: "CRMI"
published: "2016-05-13T05:42:09+00:00"
modified: "2016-05-13T05:48:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/maydan-zholy-skeri-izdeu-zhasa-yny-press-konferenciyasy-693072"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/maydan-zholy-skeri-izdeu-zhasa-yny-press-konferenciyasy-693072/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Майдан жолы» әскери іздеу жасағының пресс-конференциясы

> Қазақстан электролиз зауыты базасында құрылған «Майдан жолы» барлау ғылыми-зерттеу жасағы 22-ші сәуі...

Қазақстан электролиз зауыты базасында құрылған «Майдан жолы» барлау ғылыми-зерттеу жасағы 22-ші сәуір күні Ресейдің көршілес өңірлеріне хабарсыз кеткен сарбаздарды іздестіру мақсатында аттанған болатын.

Еуразиялық Топтың (ERG) «Батырлар жолымен – Дорогой славы» атты халықаралық патриоттық жобасы шеңберінде ұйымдастырылған экспедициясы қарсаңында «Майдан жолы» жасағының мүшелері қортынды жұмыстарымен, бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында бас қосты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/FOjYWvUkfk5oQJ6SO1FOWlND8SS6aG.jpg)

«Майдан жолы» патриоттық іздестіру жасағын сапарға шығарып салу – павлодарлықтардың маңызды миссиясын бастайтын дәстүрлі іс-шаралардың бірі. Іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес сарбаздары шайқасқан ұрыс даласына осымен сегізінші жыл аттанып, өз қызметтерін атқарды. Жыл сайынғы экспедициялар 1941-1945 жылдардағы тарих беттерін ашуға және жаңа есімдерді білуге көмектесіп, сол жылдары қайтыс болған батырларға тиісті құрмет көрсетуге мүмкіндік беруде.

Сапарға аттанар алдында жыл сайын жасақ іздестірушілері Павлодар қаласының бұрынғы темір жол вокзалының ғимаратында орналасқан әскери даңқ мұражайына барып қайтады. Өйткені 1941 жылы майдан даласына тап осы жерден аттанған қазақстандық жауынгерлердің көбіне топырақ жат жерден бұйырып, туған жерге орала алмады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/eEgX8Q93iof6UkOsX65eSj8PNWe2D3.jpg)

Жасақтың командиры Шитов Александр бүгінгі конференцияда жүргізілген жұмыстарын баяндады.

23 сәуір күні қатысушылар Мәскеу облысындағы Волоколамск қаласына жетіп, 1941 жылы Мәскеу түбінде болған шайқастың 75 жылдығына орайластырылған миссия аясында 2016 жылы «Майдан жолы» ізденіс жасағы аты аңызға айналған 316-шы атқыштар дивизия қатысқан қиян-кесті ұрыстар өткен жерде жауынгерлерден қалған заттарды іздестіру жұмыстарын жүргізгенің жеткізді.

Екі апталық экспедициядан соң Волоколамск қаласындағы жауынгерлер мемориалды бейітіне қара граниттен жасалған естелік белгі орнатқан.

Онда: «кейін И.В.Панфилов атындағы Қызылтулы 8-ші гвардиялық дивизия атанған, 316-шы атқыштар дивизиясы сапында Мәскеуді қорғап қалу жолында ерлікпен шайқасып, қаза тапқан жауынгерлер рухына» деген жазу қашалған. Белгінің астына Павлодардың символы ретінде қаздар тізбегінің суреті орнатылады.

Гранитті ескерткішті орнату тағы да бір әрекетпен байланысты болмақ. Жасақ мүшелері гранитті ескерткіштің түбіне туған жердің бір уыс топырағын жеткізбек. «Дорогой славы» патриоттық акциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тәуелісіз Мемлекеттер Достастығының 25 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келіп отыр.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/1j3taxYqMCUDepKJYK43pU3y5my5Ec.jpg)

Бұл патриоттық жобаның мақсаты: Волоколамск түбінде қиян-кесті ұрыс жүргізген әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясы туралы ақпарат жинап, олардан қалған заттарды іздеу. Әрі жауынгерлердің зиратына ескерткіш белгі орнатып, боздақтардың рухына тағзым ету.

Волоколамск қаласының маңында болған қанды қырғында талай боздақ жер жастанды. Тот басқан қару-жарақ, оқ-дәрі мен жауынгерлер қолданған заттар табылғаның жеткізді. 6 жылдан бері еркіндік үшін күрескен ата-бабаларының сүйектерін қайта жерлеумен «Майдан жолы» іздестіру отрядының сарбаздары айналысып келеді. Әскери жасақ табылған жәдігерлерді ИнЕУ колледжінің мұражайына салтанатты түрде табыстады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/V2jC6sHXEeKuZJ380P652UW0J3tYn0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/maydan-zholy-skeri-izdeu-zhasa-yny-press-konferenciyasy-693072](https://yvision.kz/kk/post/maydan-zholy-skeri-izdeu-zhasa-yny-press-konferenciyasy-693072)