---
title: "\"Майқайыңалтын\" маңындағы іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды"
description: "«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп,..."
author: "orazali"
published: "2024-02-05T08:09:08+00:00"
modified: "2024-02-05T08:21:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/may-ayy-altyn-ma-ynda-y-izdeu-t-aru-zh-mystary-to-tatyldy-1000699"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/may-ayy-altyn-ma-ynda-y-izdeu-t-aru-zh-mystary-to-tatyldy-1000699/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Майқайыңалтын" маңындағы іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды

> «GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп,...

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегенін анықтады. Астындағы қуыстар мен бос кеңістіктердің құлау қаупі өте жоғары.

!["Майқайыңалтын" маңындағы іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/24b8f9182f359e9560d7d716a78187.jpg)

​Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады.

«Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/may-ayy-altyn-ma-ynda-y-izdeu-t-aru-zh-mystary-to-tatyldy-1000699](https://yvision.kz/kk/post/may-ayy-altyn-ma-ynda-y-izdeu-t-aru-zh-mystary-to-tatyldy-1000699)