---
title: "Май ауданыңда Тәуелсіздік құрдастары кездесті"
description: "Май ауданының орталығы Көктөбе ауылында, Көктөбе орта мектебінде «Тәуелсіздік ұландары» атты ауданды..."
author: "CRMI"
published: "2016-12-12T21:26:14+00:00"
modified: "2016-12-12T21:26:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/may-audany-da-t-uelsizdik-rdastary-kezdesti-736953"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/may-audany-da-t-uelsizdik-rdastary-kezdesti-736953/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Май ауданыңда Тәуелсіздік құрдастары кездесті

> Май ауданының орталығы Көктөбе ауылында, Көктөбе орта мектебінде «Тәуелсіздік ұландары» атты ауданды...

Май ауданының орталығы Көктөбе ауылында, Көктөбе орта мектебінде «Тәуелсіздік ұландары» атты аудандық форум өтті. Ауқымды шара өз тағдырын тәуелсіз Қазақстанның тағдырымен байланыстырған, егеменді елдің гүлденуіне зор үлес қосып келе жатқан азаматтардың басын біріктірді. Мақсатын азат елдің арманымен ұштастырып, елдің абыройын асқақтатуға өз еңбегімен тер төгіп жүрген аудан тұрғындары форумға арнайы шақырылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Mair9lJ6D1tvVDkvsHh9dR2UoKXz8w.jpg)

Форумға қатысушылардың арасында ауданның мемлекеттік жас қызметшілер, ұстаздар, студенттер, оқушылар мен мекеме басшыларына дейін болды. Бұл патриоттық форумның алдында экранда «Армандастар» жастар орталығы жайлы бейне-ролик көрсетілді. Форум еліміздің әнұранымен ашылып, алғы сөзді Май ауданының әкімі Ардақ Амангелдіұлы Қаңтарбаев сөзімен жалғасты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/keQUD705qDEG7u7BX9xQw17rt8jXuS.jpg)

Тәуелсіз жылдың ішінде мұң құбылып тұрған әлемде Қазақстаннның нық қадам басып, қазіргі жетістіктерге қол жеткізгеніміз, Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының, стратегиялық көрегендігі мен көрнекі жасампаз қызметінің және қарапайым халықтың ерен еңбегінің арқасы екендігін айрықша атап көрсетті. Аудан әкімі өз сөзін аяқтағаннан соң, аудан көлемініде әртүрлі салада еңбек етіп жатқан еліміздің тәуелсіздігінің құрдастарын алғыс хаттармен марапаттады. Келесі сөз «Армандастар» жастар орталығының директоры, Май аудандық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшесінің басшысы Ернұр Машрапұлы Ибраев ауданның белсенді жастарына алғыс хаттарын табыстады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/4ZtiIvuO48gwBH4KqES7AU9d45woWH.jpg)

Көпшілікті жинаған аталмыш форум патриоттық әндермен жалғасын тапты. Өскелең ұрпақты өз тағдырын елімен байланрыстыруға, патриотизмге баулуға шақырған форумның маңызы өте зор. Ұйымдастырушылар осы кездесу жастар мен аудан тұрғындарының болашақ тағдырына ықпал етеді деген ойда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/may-audany-da-t-uelsizdik-rdastary-kezdesti-736953](https://yvision.kz/kk/post/may-audany-da-t-uelsizdik-rdastary-kezdesti-736953)