---
title: "Масафуми Тагахара ұрыс өнерінен шеберлік сабақтарын өткізеді"
description: "ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Таразда атақты жапондық шихан, Жапонияның және әлемнің ұрыс өнерінен көптеген м..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-08T22:27:45+00:00"
modified: "2015-07-08T22:27:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/masafumi-tagahara-rys-nerinen-sheberlik-saba-taryn-tkizedi-519827"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/masafumi-tagahara-rys-nerinen-sheberlik-saba-taryn-tkizedi-519827/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Масафуми Тагахара ұрыс өнерінен шеберлік сабақтарын өткізеді

> ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Таразда атақты жапондық шихан, Жапонияның және әлемнің ұрыс өнерінен көптеген м...

# [!\[\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150709023620-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150709023620.jpg)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Таразда атақты жапондық шихан, Жапонияның және әлемнің ұрыс өнерінен көптеген мәрте чемпионы Масафуми Тагахараның басшылығымен киокушинкай-кан бойынша жаттығу жиындары өтуде.

Облыстық спорт және денешықтыру басқармасында түсіндіргендей, жиын барысында кумитэ және катаға әзірлік, сондай-ақ төрелік ету және жалпы дене дайындығы бойынша семинарлар ұйымдастырылады.

«Атлетик» спорт кешені биыл қатысушылардың рекордты көрсеткішін жинады. Барлық облыстық құрама командалардан 500-ге дейінгі спортшы жапондық шихан Масафуми Тагахара өткізетін шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Жиын аяқталғаннан кейін Дан-тест (шеберлік дәрежесіне аттестаттау) өтеді, оның барысында спортшылар 1-ш, 2-ші және 3-ші дан қара белбеулеріне аттестациядан өтеді.

Спорт шарасын өткізу республикалық ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясына жүктелген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/masafumi-tagahara-rys-nerinen-sheberlik-saba-taryn-tkizedi-519827](https://yvision.kz/kk/post/masafumi-tagahara-rys-nerinen-sheberlik-saba-taryn-tkizedi-519827)