---
title: "Масадан құтылудың 5 жолы!"
description: "Елестетіңізші... Жазғы маусым, шуақты күн, демалыс, мұздатылған коктейль, шезлонг, жағалау... Кенет..."
author: "medinarebrova"
published: "2016-07-23T01:50:47+00:00"
modified: "2016-07-23T01:50:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/masadan-tyludy-5-zholy-703638"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/masadan-tyludy-5-zholy-703638/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Масадан құтылудың 5 жолы!

> Елестетіңізші... Жазғы маусым, шуақты күн, демалыс, мұздатылған коктейль, шезлонг, жағалау... Кенет...

![Масадан құтылудың 5 жолы!](https://storage.yvision.kz/images/user/medinarebrova/4VZ1D3vXkGB39kMtOnT17UMH9QB0fE.jpg)

**Елестетіңізші... Жазғы маусым, шуақты күн, демалыс, мұздатылған коктейль, шезлонг, жағалау... Кенет жағымсыз дыбыстар: дзз... дзз... дзззззззззззззззз... Барлық ләззәтті бір мезетте жойып жіберетін масалар қайта-қайта мазаны алады. Дегенмен, мұңаймаңыз! Қосқанатты құбыжықты маңайыңызға жуытпайтын 5 әдіс бар. Бастайық...**

1. Құс шие ағашын майдалап турап, дененің ашық жерлеріне жағыңыз;

2. Қалампыр, анис, базилик, эвкалипт, эфир майларын(бір стақан суға 5-10 тамшы тамызып) денеңізге жағыңыз;

3. Бузин бұтақтарын бөлмеге қою арқылы барлық масаларды төркіндеріне жібересіз;

4. Кедр майының иісі тек қана масаларды емес, оның мұртты ағайындарын да(тарақан, шыбын, т.б.) жойып жібереді;

5. Егерде сізде электрлі фумигатор сұйықтығы тәмәмдаса лақтыруға асықпаңыз. Бос көпіршікке эвкалипт экстрактін құйсаңыз масалар сіздің үйіңізге баратын жолды мүлдем ұмытады.

Жоғарыда аталған кеңестерді орындасаңыз, қансорғыштармен біржола қоштасасыз. Сәттілік!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/masadan-tyludy-5-zholy-703638](https://yvision.kz/kk/post/masadan-tyludy-5-zholy-703638)