---
title: "Масқара-ай: ЭКСПО күзетшісі көрмеге келген қонақтарды балағаттап жіберді"
description: "ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге қоқан-лоққы көрсеткен күзетшінің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызыпт..."
author: "tracyb"
published: "2017-07-30T01:17:01+00:00"
modified: "2017-07-30T01:17:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mas-ara-ay-ekspo-k-zetshisi-k-rmege-kelgen-ona-tardy-bala-attap-zhiberdi-774284"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mas-ara-ay-ekspo-k-zetshisi-k-rmege-kelgen-ona-tardy-bala-attap-zhiberdi-774284/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Масқара-ай: ЭКСПО күзетшісі көрмеге келген қонақтарды балағаттап жіберді

> ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге қоқан-лоққы көрсеткен күзетшінің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызыпт...

ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге қоқан-лоққы көрсеткен күзетшінің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызыпты. Дереккөз: [NUR.KZ](http://nur.kz/) порталы

Шараны тамашалауға келген азамат ЭКСПО аумағында видео түсіргені үшін күзетшінің қаһарына ұшырады. «За тебя Баке» парақшасын аталған видеоны жариялап, **жұртшылық төбелеске дайын күзетшіні сынға алды.**

«Астананың сыпайы күзетшілері» деген роликте күзетші видео камерасын қосқан келушілерге: «Сендер біздің территорияны түсірдіңдер, жүріңдер» деп белгісіз жаққа шақырады. «*Сіз кімсіз? Аты-жөніңізді айтыңызшы, кім екеніңізді?*», - деген сұрағы үшін күзетші «басымды қатырма» деп жұдырығын ала жүгіріп, қонақты балағаттай жөнелді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mas-ara-ay-ekspo-k-zetshisi-k-rmege-kelgen-ona-tardy-bala-attap-zhiberdi-774284](https://yvision.kz/kk/post/mas-ara-ay-ekspo-k-zetshisi-k-rmege-kelgen-ona-tardy-bala-attap-zhiberdi-774284)