---
title: "Марат Омаров: Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық қоғамын құрудағы көздегеніміз – қазақты әлемге таныту"
description: "Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров және Халықаралық конкурстардың бас..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-23T07:18:00+00:00"
modified: "2015-07-03T06:23:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/marat-omarov-aza-stan-men-euraziya-elderi-arasynda-y-dosty-o-amyn-ruda-y-k-zdegenimiz-aza-ty-lemge-t-516491"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/marat-omarov-aza-stan-men-euraziya-elderi-arasynda-y-dosty-o-amyn-ruda-y-k-zdegenimiz-aza-ty-lemge-t-516491/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Марат Омаров: Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық қоғамын құрудағы көздегеніміз – қазақты әлемге таныту

> Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров және Халықаралық конкурстардың бас...

**Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор Марат Омаров және Халықаралық конкурстардың бас жүлдегері Бибімәриям Омарова «Таңшолпанда» қонақта болды.**

**

![Марат Омаров: Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық қоғамын құрудағы көздегеніміз – қазақты әлемге таныту](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/CWd99qsXbR6cqo1aw1l52796llqj2H.png)

**

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық, ынтымақтастық, мәдени қоғамы құрылды.

Аталған ұйымның қазіргі уақытта жүзеге асырып жатқан істері мен жаңалықтары туралы бағдарлама төрінде қор төрағасы Марат Омаров әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, ұйым Анталиядағы қазақ ұлтының салт-дәстүрін, қлттық құндылықтарын, мәдениетін және қолөнеріп дәріптеу мақсатында құрылыпты.

«Біз мұны «100 нақты қадамның» ішіне кіреді деп ойламаған едік. Себебі, көздегеніміз – достық көпірін салу, қазақты әлемге таныту. Сондай-ақ, қоғам жұмысына жергілікті телевизия да атсалысуда. Ол апта сайын Қазақстанды таныту мақсатында екі сағаттық бағдарлама береді», - дейді Марат Омаров.

Осының нәтижесінде Еуропа қазақтары хабарласып, қоғамның ашылғанына қуанып, «балаларымызды қазақ тіліне, әніне, домбырасына үйретуде өте жақсы болды деп жатыр екен.

«Осылайша, Еуропаға жол ашылуда»,-дейді қор төрағасы.

Ал, Бибімәриям Омарова Түркияда өткен «Алтын жұлдыз» фестивалінде бас жүлдені иеленіп қайтты.

«Былтыр Бибімәриям Нью-Йорк академиясына оқуға жолдама алған болатын. Анталияда Гарвард университетінің филиалы ашылған еді. Бізге жақыны сол болғандықтан, Анталиядағы оқуын үздік бітіріп келіп отыр. Ал, бүгінде оқуын жалғастыруда», - дейді Марат Омаров.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/marat-omarov-aza-stan-men-euraziya-elderi-arasynda-y-dosty-o-amyn-ruda-y-k-zdegenimiz-aza-ty-lemge-t-516491](https://yvision.kz/kk/post/marat-omarov-aza-stan-men-euraziya-elderi-arasynda-y-dosty-o-amyn-ruda-y-k-zdegenimiz-aza-ty-lemge-t-516491)