---
title: "Құмар ойын мен бәс тігуге қарсы іс-қимылға 81 млн..."
description: "Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылды. Фотоколлаж: egemen.kz Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-16T10:38:11+00:00"
modified: "2024-05-16T10:38:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mar-oyyn-men-b-s-tiguge-arsy-is-imyl-a-81-mln-te-gege-zhuy-arzhy-b-lu-k-zdelgen-1004701"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mar-oyyn-men-b-s-tiguge-arsy-is-imyl-a-81-mln-te-gege-zhuy-arzhy-b-lu-k-zdelgen-1004701/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құмар ойын мен бәс тігуге қарсы іс-қимылға 81 млн...

> Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылды. Фотоколлаж: egemen.kz Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай...

*Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/8073d4a0003e5232538a134fc3afb3.jpg)

*Фотоколлаж: egemen.kz*

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілетін болады:

- құмар ойындарға және бәс тігуге тұрақты қатысатын адамдар саны 350 000-нан 201 600 адамға дейін төмендейді: 2024 жылы – 35 000 (10%), 2025 жылы – 63 000 (20%), 2026 жылы – 50 400 (20 %);

- мемлекет есебінен тегін емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту бойынша көмек алған, құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды қамтуды 13-тен 300 адамға дейін ұлғайту: 2024 жылы – 50 адам, 2025 жылы – 150 адам, 2026 жылы – 300 адам;

- бұғатталған интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттардың санын 4500-ден 7722-ге дейін ұлғайту: 2024 жыл – 450-ге (10 %), 2025 жыл – 990-ға (20 %), 2026 жыл – 1782-ге (30 %).

«Осыған байланысты Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыруға 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 80 931 200,0 теңге қаржы шығыстарын бөлу көзделеді», - делінген құжатта.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mar-oyyn-men-b-s-tiguge-arsy-is-imyl-a-81-mln-te-gege-zhuy-arzhy-b-lu-k-zdelgen-1004701](https://yvision.kz/kk/post/mar-oyyn-men-b-s-tiguge-arsy-is-imyl-a-81-mln-te-gege-zhuy-arzhy-b-lu-k-zdelgen-1004701)