---
title: "Марқұм Батырхан Шукеновтың кешінен фоторепортаж"
description: "Алматы қаласындағы Республика сарайында, қазақстан және ресей жұлдыздары Батырхан Шукеновтың әндерін..."
author: "nazerkees"
published: "2017-02-10T00:09:05+00:00"
modified: "2017-02-10T04:31:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mar-m-batyrhan-shukenovty-keshinen-fotoreportazh-755057"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mar-m-batyrhan-shukenovty-keshinen-fotoreportazh-755057/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Марқұм Батырхан Шукеновтың кешінен фоторепортаж

> Алматы қаласындағы Республика сарайында, қазақстан және ресей жұлдыздары Батырхан Шукеновтың әндерін...

Алматы қаласындағы Республика сарайында, қазақстан және ресей жұлдыздары Батырхан Шукеновтың әндерін « Батыр Lives» атты қайырымдылық концертінде шырқады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nazerkees/I885jsvnhk01XBSUEQ8U7hsJ4didyc.jpg)

Билеттерді сатудан түскен барлық қаражат әншінің ұлы Мақсұт Шукеновтың шотына аударылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nazerkees/F1YsqKzt07MIYe0Nd4vgZ7S946QAp2.jpg)

Үш сағаттық концерттің дайындығы 1 айға созылған. Зал толы болды. Бұл күнгі кеште әншілер де , көрермендер де көздеріне еріксіз жас алды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nazerkees/HPrw3mOeeM9V7SuBlM11zRCC7eRn5n.jpg)

Батырханның ең танымал «Джулия» әнін кеш жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы мен Әлішер Сүлейменовпен барлық зал бірге шырқады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nazerkees/n62VYTp3l5EHC9YDIu2ezVgtOoN4l7.jpg)

Композитор, ақын, автор және орындаушы Еркеш Шакеев өзіне арналған репертуарынан «Твои шаги» және « Нелюбимая» әндерін гитарамен әуендетті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nazerkees/WcFu3mECA30emlvaQNMmk5y2GEfg86.jpg)

Роза Рымбаева ұлы Али Оқаповпен әншінің соңғы « Аманат» альбомының «Кездесу» композициясын орындауда.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nazerkees/m43U104kvwEmW4XLNxEYzl61VR94dU.jpg)

Концертте сонымен қатар **Байгали Серкебаев,** **Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Далер Назаров, Нурлан Абдуллин, Мадина Сәдуақасова, Жанар Дугалова, Али Оқапов**, «Жетыген», «JCS», «Дервиши», «Мюзикола», «МузАРТ», «Мagic of Nomads» топтары ән арнады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nazerkees/ueCt8ar42Vs8rm8EVqWUie08i2cqBA.jpg)

Сахнада Батырхан Шукеновтың ресейлік әріптес достары да өнер көрсетті: **Илья Зудин, Юлия Началова, Доминик Джокер, Кэти Топурия, Владимир Пресняков** және «N.A.O.M.I».

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nazerkees/3A36zS83RI5r0pJ2dveIijFj51l9Fw.jpg)

Концерт Алматы қаласының ең үздік музыканттардың сүйемелдеуімен, жанды форматта өтті. Кештің музыкалық продюсері Виктор Хоменков болды.

Мәлімет Forbes Kazakhstan cайтынан алынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mar-m-batyrhan-shukenovty-keshinen-fotoreportazh-755057](https://yvision.kz/kk/post/mar-m-batyrhan-shukenovty-keshinen-fotoreportazh-755057)