---
title: "Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға қайтып оралатыны туралы хабарлады"
description: "Белгілі қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев өзінің Facebook парақшасында Қазақстанға қайтып к..."
author: "Zhanalyktar"
published: "2018-02-02T05:51:37+00:00"
modified: "2018-02-02T05:52:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mar-lan-seysembaev-aza-stan-a-aytyp-oralatyny-turaly-habarlady-795059"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mar-lan-seysembaev-aza-stan-a-aytyp-oralatyny-turaly-habarlady-795059/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға қайтып оралатыны туралы хабарлады

> Белгілі қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев өзінің Facebook парақшасында Қазақстанға қайтып к...

Белгілі қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев өзінің Facebook парақшасында Қазақстанға қайтып келетіні туралы хабарлады.

«Қазір Мәскеудемін. Маған менің және менің отбасымның қауіпсіздігіне жоғары деңгейде кепілдік берді! Өмір жалғасуда! Біз көп нәрсе істейміз! Адамдарға түсіністік пен ақыл-оймен қарайтын «жоғарыдағы» адамдарға рахмет! Көмектескендердің бәріне рахмет, және олар көп болды! Достарым мен оқырмандарыма, жағдайыма қызығушылық пен қолдау үшін алғыс айтамыз! Қазақстанда кездескенше!»,- деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 10-қаңтарда Facebook-та Марғұлан Сейсембаев Қазақстаннан қоныс аудару туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Кәсіпкердің айтуынша, ол бұл шешімге оны сұрақ-жауаптарға шақыра берген соң келген.

��,l�%

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mar-lan-seysembaev-aza-stan-a-aytyp-oralatyny-turaly-habarlady-795059](https://yvision.kz/kk/post/mar-lan-seysembaev-aza-stan-a-aytyp-oralatyny-turaly-habarlady-795059)