---
title: "Мансап әлде отбасы ма?!"
description: "Адам өмірге келген кезден бастап өзіне бір жүк артылады. Біреулер мансап қуып дәрежесін өсіріп жалғы..."
author: "lonelygirl"
published: "2015-07-01T11:23:26+00:00"
modified: "2015-07-01T11:23:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mansap-lde-otbasy-ma-518085"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mansap-lde-otbasy-ma-518085/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мансап әлде отбасы ма?!

> Адам өмірге келген кезден бастап өзіне бір жүк артылады. Біреулер мансап қуып дәрежесін өсіріп жалғы...

Адам өмірге келген кезден бастап өзіне бір жүк артылады. Біреулер мансап қуып дәрежесін өсіріп жалғыздықта өмір сүреді, ал енді біреулер өмірін баласына, жарына арнайды. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда көбіне көп әйелдер де ер азаматтар да ақша табуға ұмтылып тым жай отбасы құрып жатады.Көп оқу адамды тым тәкаппарлық деңгейге көтеріп жіберетін сияқты көрінеді. Өз басымда дәл сондай жағдай болып жатыр. Былтыр ғана бакалавр дәрежесіне ие болып, қазір магистратурада білім алудамын. Маған зерттеу, тіл үйрену сияқты өзімді дамытатын нәрселер қатты ұнайды. Осы жолы инстаграмм парақшасынада қызық бір суретке тап болдым ол суретте менің құрбыларымда екі-екі баладан ал, менде екі жоғары оқу орнының дипломы бар деп жазылыпты.

![Мансап әлде отбасы ма?!](https://storage.yvision.kz/images/user/lonelygirl/zVxEh44XfJ3ZBNY8innFRT9GrF1IP5.jpg)

Қазір менімен сөйлесіп жүрген бір жас жігіт бар бірақ мен оған қалай да күйеуге шығыңқырағым келмей жүр. Бір жағы осы оқуымнан кейін тағы оқуға түсем бе деген ойым да бар. Бірақ әлі де екі ойдың үстінде жүрмін. Отбасы құрған ол жай оңай қабылдана салатын шешім емес қой. Адамды тану, оның саған деген қарым-қатынасы, екеуаралық махаббат сезімі де сыртта қалмайтыны хақ. Ендігі жерде мені алаңдататын мәселе мен оның жары болғаннан кейін үй шаруасына айналып жұмыс жасай алмай қалам ба деген қорқыныш та бар.Енді қандай шешім қабылдағаным дұрыс деп күніне мың мәрте ойналана берем ойлана берем. Мен тым секемшіл қыз боп бара жатқан сияқтымын адамға қояр талабым да жоғарылап барады. Енді келесі жылдан қалсам мүлде жалғыз өмір сүру дағдысына үйреніп кететін секілдімін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mansap-lde-otbasy-ma-518085](https://yvision.kz/kk/post/mansap-lde-otbasy-ma-518085)