---
title: "МАНОВ АСЕТ МӘЛІКҰЛЫ - Арнайы мониторингтік топ төрағасы"
description: "Еңбек жолын 2002 жылы HALYK Financial Group тобының «Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қо..."
author: "Nurbol_Konzhar"
published: "2019-03-11T13:13:02+00:00"
modified: "2019-03-11T13:13:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/manov-aset-m-lik-ly-arnayy-monitoringtik-top-t-ra-asy-828043"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/manov-aset-m-lik-ly-arnayy-monitoringtik-top-t-ra-asy-828043/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# МАНОВ АСЕТ МӘЛІКҰЛЫ - Арнайы мониторингтік топ төрағасы

> Еңбек жолын 2002 жылы HALYK Financial Group тобының «Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қо...

Еңбек жолын 2002 жылы HALYK Financial Group тобының «Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Маңғыстау филиалында менеджер ретінде бастады.

![МАНОВ АСЕТ МӘЛІКҰЛЫ - Арнайы мониторингтік топ төрағасы](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/f02f31c687db09c3103b8a379ff896.jpg)

2002-2011 жж. Қазақстан халық Банкі жүйесінде «HALYK» қаржы тобының филиалының директоры лауазымын атқарған. 2011-2012 жылдары «CASPIY» Әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялық жобалар менеджері қызметінен қаржы және корпоративтік даму департаментінің директоры лауазымына дейін көтерілді. 2012 жылғы сәуірде «CASPIY» Әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Маңғыстау облысының Микрокредиттік ұйымы «Микронесиелік ұйым » ЖШС директоры болып тағайындалды. 2014 жылы 1 тамызында Маңғыстау облысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылғы 1 сәуірден бастап «Маңғыстау Өнеркәсіптік Палатасы» ЗТБ экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі болып тағайындалды. 2017 жылдың шілдесінен бастап «Каръертау» ЖШС басқарушы директоры. («Домостроительный комбинат Актау» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Промстройпроект» ЖШС, «Темірбетонэнерго» ЖШС директоры лауазымдарын қоса атқаруда). 2018 жылдан бастап «Маңғыстау –Рухани жаңғыру» жеке қорының басшысы. 2019 жылдың ақпан айынан бастап облыстық арнайы мониторинг тобының жетекшісі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/manov-aset-m-lik-ly-arnayy-monitoringtik-top-t-ra-asy-828043](https://yvision.kz/kk/post/manov-aset-m-lik-ly-arnayy-monitoringtik-top-t-ra-asy-828043)