---
title: "Маңғыстаулық мұғалімдер республикалық байқауда жүлделі орын алды"
description: "Маңғыстаулық педагогтар Алматы қаласында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына қатысып, жүлделі орын алды, д..."
author: "journalist_n"
published: "2026-01-15T10:11:16+00:00"
modified: "2026-01-15T10:11:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mangystaulyk-mugalimder-respublikalyk-baykauda-zhuldeli-oryn-aldy-1019462"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mangystaulyk-mugalimder-respublikalyk-baykauda-zhuldeli-oryn-aldy-1019462/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстаулық мұғалімдер республикалық байқауда жүлделі орын алды

> Маңғыстаулық педагогтар Алматы қаласында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына қатысып, жүлделі орын алды, д...

**Маңғыстаулық педагогтар Алматы қаласында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына қатысып, жүлделі орын алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/8e00f0b1881ec8c15439ebc4ab44a4c9.jpg?width=960&height=720) Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған байқауға өңірден 11 мұғалім қатысып, 3 мұғалім жүлделі орынға және 5 мұғалім кәсіби шеберлік көрсеткені үшін грамотамен марапатталды.«Шеберлік палитрисы» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломы Түпқараған ауданындағы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілектес Көшербайға табысталды.«Қоғамдық цикл» бағыты бойынша ІІ дәрежелі диплом Ақтау қаласы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназия музыка пәні мұғалімі Назира Тұржановаға берілді.Ал «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломына«Білім-инновация» лицей – интернатының педагог-психологы Достыгүл Нурсолтанова ие болды.Кәсіби шеберлік көрсеткені үшін грамотамен марапатталғандар: - Гүлден Иманғалиева - Ақтау қаласының Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің директоры; - ⁠ Ақмаржан Рубилова - «Білім-инновация» лицей – интернатының тарих пәні мұғалімі; - ⁠ Қанат Көздібай - Қарақия ауданы №3 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі; - Гүлсім Надирова - ⁠Ақтау қаласы «Жас қанат» мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі; - Бексұлтан Майрамов - Ақтау қаласы №33 жалпы білім беретін мектебінің директоры.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mangystaulyk-mugalimder-respublikalyk-baykauda-zhuldeli-oryn-aldy-1019462](https://yvision.kz/kk/post/mangystaulyk-mugalimder-respublikalyk-baykauda-zhuldeli-oryn-aldy-1019462)