---
title: "Маңғыстауда жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді"
description: "Маңғыстау облысында жылыту маусымында өрт қаупінің алдын алу бағытындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өрттің алдын алу мақсатында ?..."
author: "journalist_n"
published: "2026-01-15T10:12:55+00:00"
modified: "2026-01-15T10:12:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mangystauda-zhylytu-mausymynda-ort-kauipsizdigi-sharalary-kusheytildi-1019463"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mangystauda-zhylytu-mausymynda-ort-kauipsizdigi-sharalary-kusheytildi-1019463/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстауда жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді

> Маңғыстау облысында жылыту маусымында өрт қаупінің алдын алу бағытындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өрттің алдын алу мақсатында ?...

**Маңғыстау облысында жылыту маусымында өрт қаупінің алдын алу бағытындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өрттің алдын алу мақсатында «Өрт қауіпсіздігінің бірыңғай күні», «Өрттен сақтан», «Қауіпсіз қазандық» тақырыптарында профилактикалық акциялар ұйымдастырылды. ** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/c0aa8d0fa43a2e82f7398695b129845a.jpg?width=960&height=720) Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Теңел Арман мәлімдеді. Спикердің айтуынша, өрттердің негізгі себептері – жылыту қазандықтары мен құралдарын талапқа сай пайдаланбау және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі. -Қауіпсіздікті арттыру үшін «QazaqGaz Aimaq» АҚ және «РЦКУ-Ақтау» ЖШС тарапынан газ жабдықтарына тегін техникалық қызмет көрсетілуде. Сондай-ақ пилоттық жоба аясында атаулы әлеуметтік көмек алушылар eGov Mobile қосымшасы арқылы газға ай сайынғы жеңілдікті рәсімдей алады. Әкімдіктермен бірлескен жоспар аясында әлеуметтік осал топтағы 2 146 тұрғын үй есепке алынып, барлығында 100 пайыз өртке қарсы нұсқаулық өткізілді. Сонымен қатар, 19 мыңнан астам аула араланып, 61 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың 1 маусымынан бастап әлеуметтік осал топтағы тұрғын үйлерге 481 газ талдағыш датчик орнатылды, - деді Теңел Арман.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mangystauda-zhylytu-mausymynda-ort-kauipsizdigi-sharalary-kusheytildi-1019463](https://yvision.kz/kk/post/mangystauda-zhylytu-mausymynda-ort-kauipsizdigi-sharalary-kusheytildi-1019463)