---
title: "Маңғыстауда мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза қолданылды"
description: "14 тамызда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отыр..."
author: "Journalist 362"
published: "2024-08-14T11:51:10+00:00"
modified: "2024-08-14T11:51:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mangystauda-memlekettik-kyzmetshige-katysty-tartiptik-zhaza-koldanyldy-1006863"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mangystauda-memlekettik-kyzmetshige-katysty-tartiptik-zhaza-koldanyldy-1006863/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстауда мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза қолданылды

> 14 тамызда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отыр...

![ашық дереккөзден](https://storage.yvision.kz/images/user/580867/1af3c75071e4bea8152e2a8ee663cd74.jpg?width=940&height=507) 14 тамызда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қыхмет істері агенттігінің Маңғыстау өңірі бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынды Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасының міндетін атқарушы Дариға Кесікбаева жүргізді. Басқосу барысында күн тәртібіне сәйкес, 4 мәселе қаралды.

-*2023 және 2024 жылдың 6 айының қорытындылары бойынша Қарақия ауданы әкімі аппараты және оған қарасты дербес мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы туралы аудан әкімі аппараты басшысының есебі, мемлекеттік органдардыңтәртіптік комиссияларының 2024 жылдың І жартыжылдық жұмысына жүргізілген талдау нәтижесі және Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Майланға бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу туралы ұсынысқаралды,-делінген хабарламада.*

**Сондай-ақ, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г. Тасполатоваға «мемлекеттік лауазымын төмендету», ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрiндегі тәртiптiк жаза қолдану жөнінде шешім қабылданды.**

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасының міндетін атқарушы Д. Кесікбаева мемлекеттік қызметшілер күнделікті қызмет барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталу қажеттілігіне баса назар аудару керектігін атап өтті. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың және әдеп нормаларын бұзудың алдын алу әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін де еске салды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mangystauda-memlekettik-kyzmetshige-katysty-tartiptik-zhaza-koldanyldy-1006863](https://yvision.kz/kk/post/mangystauda-memlekettik-kyzmetshige-katysty-tartiptik-zhaza-koldanyldy-1006863)