---
title: "Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді"
description: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бірігіп жасалған іс-шаралар Жоспарын..."
author: "finpolsko"
published: "2016-04-27T22:58:04+00:00"
modified: "2016-04-27T22:58:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mamlyut-audanynda-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-r-simderin-memlekettik-yzmetti-tkeru-t-rtibin--691070"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mamlyut-audanynda-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-r-simderin-memlekettik-yzmetti-tkeru-t-rtibin--691070/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді

> Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бірігіп жасалған іс-шаралар Жоспарын...

![Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/276h5ro08Ez7jF4e7bM53XWJtvNQrc.jpg)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бірігіп жасалған іс-шаралар Жоспарына сәйкес, а.ж. 27 сәуірде Мамлют ауданында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандары мемлекеттік орган өкілдерінің, Мамлют қаласы тұрғындарының қатысуымен жергілікті атқарушы органдарда тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

![Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/KvU2X70F45aBsjzDd6c6cAq0hLUgT7.jpg)

Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде, аудан орталығының тұрғындары «Нұр Отан» партиясы Мамлют аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдау өтетіні ақпараттандырылған. Азаматтарды СҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев қабылдап, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі жөнінде сұрақтармен жүгінген Мамлют қаласының төрт тұрғынына қажетті түсіндірмелер берді.

![Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/1QgASyl47i51Vo1lkVFGk0l3KvZ3At.jpg)

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері «Жастар бастамасы орталығы» КММ бірге Мамлют қаласындағы ХҚКО-да «Ашық есік күні» акциясын өткізді, іс-шара барысында азаматтардың мемлекеттік қызметтер деңгейімен қанағаттануы туралы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға 40 адам қатысып, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы өзекті сұрақтарға жауап берілді.

![Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/T2PVwi0HxEnU3WCRpz6I1hG3uw3TBp.jpg)

Бұл әлеуметтік зерттеумен Мамлют қаласы № 2, 3 орта мектеп оқушыларының 110 ата-анасы да қамтылды. Олар білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдері мен сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.

Мамлют ауданының білім бөліміне білім мекемелеріне тарату үшін қоғамдық бірлестікпен бірге жасалған мемлекеттік білім қызметтерін алуға стандарттар мен қажетті құжаттар тізімі бар кітапшалар берілді.

![Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/HfDGTMq3KEelBU70ZKb7z1ci41wdzn.jpg)

Күннің екінші жартысында облыстық әкімдік, Мемлекеттік корпорация, «ҰАТ» АҚ өкілдері, Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандары мемлекеттік органдарының басшылары, кадр қызметінің мамандары, заңгерлердің қатысуымен семинар өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратпен Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Қ. Қасымов сөз сөйледі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңның негізгі жаңалықтары жөнінде Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко баяндады. Осыған қоса, семинар қатысушылары мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және қызметтік әдеп талаптарын ұстану мәселелері бойынша тексеріс нәтижелері жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырылды. Өзекті мәселелер талқыланып, мүдделі ведомстволар өкілдерімен жауаптар берілді, мемлекеттік органдар мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімдерін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

![Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/w3guE1f7Qxeqw5yJCc40w47h1SGbCw.jpg)

Семинар аяғында Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандары мемлекеттік мекемелер өкілдері арасында заңнаманы білуге блиц-сауал өткізіліп, мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаевпен іс-шара қатысушыларына есте қаларлық сыйлықтар табыс етілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mamlyut-audanynda-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-r-simderin-memlekettik-yzmetti-tkeru-t-rtibin--691070](https://yvision.kz/kk/post/mamlyut-audanynda-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetterdi-r-simderin-memlekettik-yzmetti-tkeru-t-rtibin--691070)