---
title: "Мамандық-өмір таңдауы"
description: "«Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан топ ..."
author: "usergoogle101661366962484412443"
published: "2021-05-03T07:15:40+00:00"
modified: "2021-05-12T12:10:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mamandy-mir-ta-dauy-933486"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mamandy-mir-ta-dauy-933486/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мамандық-өмір таңдауы

> «Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан топ ...

«Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан топ баспастан жалтырай да жарқырай береді» де, Қаныш Сәтбаев атамыз айтқандай, мына біз жастардың оқуда озат, әлем жаңалықтарынан құлағдар, дамыған елдер қатарында көш түзейтін елі үшін барын салуды Жастарға артылған міндет деп білеміз. Ол үшін әр бір жас түлек, болашақта Қазақстан Республикасына өз үлесін қосу үшін, болашаққа сенімді қадам басу үшін, білім алатын ордасы мен өзінің ішкі жан дүниесіне сай келетін мамандықты дұрыс таңдай білуі қажет.

87 жылдық тарихы бар еліміздегі жоғары білім ордасы болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бүгінгі таңда еңсесі биік. Оқу орнының қазақ халқының тарихындағы алатын орны да ерекше. Университет алғаш құрылған кезден бастап күні бүгінге дейін басынан сан алуан тарихты өткізе отырып, қоғам өмірінің барлық салалары үшін білікті мамандар даярлауда еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастап келеді. Сол білікті мамандар арасында бірталай психолог мамандары да даярлануда.

Жалпы, бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнез, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. салалар. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ.

Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Болашақ психолог бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына қатысты өндірістер мен кәсіп орындарда қызмет етеді. Яғни, балалар бақшасынан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін жұмыс істей алады. Бұл жерде психологияның ғылым екендігін және оның айтарлықтай жас ғылым екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие мамандық болған және бола бермек.

Психолог маманы болып шығу адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстарға қол жеткізеді. Елімізідің болашағы-жастардың білімді, білікті, тәжірибелі психолог маманы болып шығуына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Философия және саясаттану» факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының оқытушылары көмек бере алады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Философия және саясаттану» факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасын бітірген түлектері болашақта мына салаларды қызмет жасай алады:

-Жоғарғы және орта оқу орындарында психология пәнінің оқытушысы;

· Ғылыми қызметкер;

· Фирмалар мен банктерде психолог-кеңесші;

· Практик психолог;

· Денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде, отбасы қызметтерінде практик психолог;

· Мемлекеттік басқару органдарында және қоғамдық ұйымдарда кеңесші-психолог;

· Заң мекемелерінде және соттық-психологиялық сараптамада психолог-сарапшы;

· Әскери және құқықтық мекемелерде тәрбиеші-психолог;

· Әртүрлі ұйымдардың кадр таңдау қызметінде персонал бойынша менеджер;

· Ішкі істер министрлігі органдарында психолог;

· Имиджмейкер, саяси психолог;

Ертеңгі болашағына сеніммен қарап, анық қадам басуына жағдай туғызар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің алдыңғы көшінде сап түзеген "Жалпы және Қолданбалы психология" кафедрасының есігі әрдайым баршаға ашық!

Психология ғылымдарының докторы, профессор

Тоқсанбаева Н.Қ.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жасұзақова С.М.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mamandy-mir-ta-dauy-933486](https://yvision.kz/kk/post/mamandy-mir-ta-dauy-933486)