---
title: "Мамандық әліппесі"
description: "2017 жылдың 24 ақпанында кітапхананың ғылыми-көпшілік әдебиеті бөлімінде кездесу циклі аясында «Мама..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2017-03-03T02:17:22+00:00"
modified: "2017-03-03T02:17:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mamandy-lippesi-758703"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mamandy-lippesi-758703/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мамандық әліппесі

> 2017 жылдың 24 ақпанында кітапхананың ғылыми-көпшілік әдебиеті бөлімінде кездесу циклі аясында «Мама...

**2017 жылдың 24 ақпанында кітапхананың ғылыми-көпшілік әдебиеті бөлімінде кездесу циклі аясында «Мамандық әліппесі» деген тақырыппен іс-шара өтті.**

**Кездесуге №11 мектептің 11 сынып оқушылары шақырылса, қонақ ретінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы, әлеуметтік-гуманитарлық тәртіп кафедрасының профессоры — Видершпан Александр Валерьянович, сондай-ақ академияның 2 курс студенттері атсалысты.**

**Әңгіме барысында балалар** **полицей мамандығы туралы көптеген қызықты мәлімет алып қана қоймай, Академияда оқу мен қабылдау ережелері жайлы да білді.**

**Мұндай шаралардың мақсаты — түрлі маман өкілдерімен балаларды кездестіру және жұмыстың қыр-сыры ерекшеліктерін білуге мүмкіндік беріп,** **болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету.**

**[https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6393156824134125377?authkey=CKLZ5ZnMgebtXQ](https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6393156824134125377?authkey=CKLZ5ZnMgebtXQ)**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mamandy-lippesi-758703](https://yvision.kz/kk/post/mamandy-lippesi-758703)