---
title: "\"Мал!\" Салтанат Нүкенованың әкесі Бишімбаевқа айғайлады"
description: "Марқұм Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін алғаш рет журналистер алдында сөйледі. \"Мен мына айуан өмір бойына түрмеге қамалады деп үміттенемін\", - деді Нүкенов. Ал судья мен алқа билер кеңесу бөлмесіне кеткен кезде ол айыпталушы Қуандық..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-13T05:46:26+00:00"
modified: "2024-05-13T05:46:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mal-saltanat-n-kenovany-kesi-bishimbaev-a-ay-aylady-1004535"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mal-saltanat-n-kenovany-kesi-bishimbaev-a-ay-aylady-1004535/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Мал!" Салтанат Нүкенованың әкесі Бишімбаевқа айғайлады

> Марқұм Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін алғаш рет журналистер алдында сөйледі. "Мен мына айуан өмір бойына түрмеге қамалады деп үміттенемін", - деді Нүкенов. Ал судья мен алқа билер кеңесу бөлмесіне кеткен кезде ол айыпталушы Қуандық...

*Марқұм Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін алғаш рет журналистер алдында сөйледі. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/0b1b144d96af0b40a6a4f0233a3406.jpg)

"Мен мына айуан өмір бойына түрмеге қамалады деп үміттенемін", - деді Нүкенов.

Ал судья мен алқа билер кеңесу бөлмесіне кеткен кезде ол айыпталушы Қуандық Бишімбаевқа қарата: "Мал, мал!" деп айғайлады.

Сондай-ақ бүгін судья Айжан Құлбаева алқа билерге арналған 13 сұрақты оқыды. Оның 10-ы Бишімбаевқа, үшеуі Бақытжан Байжановқа қатысты.

Сөйтіп, судья мен 10 алқа би тағы да кеңесу бөлмесіне кетті. Олар сол жерде өз шешімдерін айтады. Ал судья үкім оқылатын уақыт қосымша хабарланатынын жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mal-saltanat-n-kenovany-kesi-bishimbaev-a-ay-aylady-1004535](https://yvision.kz/kk/post/mal-saltanat-n-kenovany-kesi-bishimbaev-a-ay-aylady-1004535)