---
title: "Мал көмінділеріне мониторинг жүргізілді"
description: "Ағымдағы жылдың 28 тамызында \"Ақжайық - адалдық аланы\" жобасы қызметкерлері Орал қаласы ветеринария ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-09-02T04:41:40+00:00"
modified: "2019-09-02T04:41:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mal-k-mindilerine-monitoring-zh-rgizildi-839761"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mal-k-mindilerine-monitoring-zh-rgizildi-839761/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мал көмінділеріне мониторинг жүргізілді

> Ағымдағы жылдың 28 тамызында "Ақжайық - адалдық аланы" жобасы қызметкерлері Орал қаласы ветеринария ...

Ағымдағы жылдың 28 тамызында "Ақжайық - адалдық аланы" жобасы қызметкерлері Орал қаласы ветеринария бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Орал қаласы аумағындағы мал көміндісіне мониторинг жүргізді.

Мал көміндісі Орал – Саратов тас жолының 18 шақырымында орналасқан. 4 биотермалық шұқыры бар, 2017 жылы құрылысына жергілікті бюджеттен 37 млн. теңге қаражат жұмсалған. Алайда күні бүгінге дейін Орал қаласы ветеринария бөлімінің теңгеріміне алынбағандықтан аталған мал көміндісі иесіз.

Аудандардағы мал қорымдарының барлығының тозығы жеткен, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай келмейді, жаңадан салуды қажет етеді. Бірақ барлық құрылыс нормалары мен талаптарын сақтай отырып жаңа мал қорымы құрылысын салу құны қымбат.

ҚР "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) салу және күтіп ұстау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіреді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың болмауына немесе тиісті деңгейде болмауына байланысты біздің облыстың мал қорымдарының көпшілігі иесіз болып табылады.

Аудандардағы мал қорымдарын салу үшін, қыруар қаражат қажет, мұндай қаржы бөлуге аудандық бюджеттің мүмкіндігі жеткіліксіз. Қаржы жетіспегендіктен құрылыстың құнын азайту мақсатында мал қорымдарына қойылатын ветеринариялық талаптардың және құрылыс салу талаптарының бұзылуына соқтырады.

Осылайша, мал қорымдары ветеринарлық-санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келмейтін, аймақ тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіпті жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына қауіп төндіреді.

Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті органдарға ұсыныстар жолданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mal-k-mindilerine-monitoring-zh-rgizildi-839761](https://yvision.kz/kk/post/mal-k-mindilerine-monitoring-zh-rgizildi-839761)