---
title: "«Махаббатым жүрегімде» хикаясын жіберіп алмаңыздар"
description: "Ол - Кембридж дипломының иегері, байдың баласы. Ал бойжеткен - қарапайым ауылдың қызы. 12 сериялы ле..."
author: "Jansaya"
published: "2014-11-04T00:51:00+00:00"
modified: "2014-11-04T00:55:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mahabbatym-zh-regimde-hikayasyn-zhiberip-alma-yzdar-437514"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mahabbatym-zh-regimde-hikayasyn-zhiberip-alma-yzdar-437514/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Махаббатым жүрегімде» хикаясын жіберіп алмаңыздар

> Ол - Кембридж дипломының иегері, байдың баласы. Ал бойжеткен - қарапайым ауылдың қызы. 12 сериялы ле...

*Ол - Кембридж дипломының иегері, байдың баласы. Ал бойжеткен - қарапайым ауылдың қызы. 12 сериялы лента - жастарға арналған мелодрама. Бірақ авторлар фильмді аңа буын өкілдерінің де қызыға қарайтынына сенімді. *

Себебі басты негіз болатыны - екі жастың махаббаты мен әкелер мен балалары арасындағы қалыптасқан араздық. Оқиғаны драмаға айналдыруға бір-біріне ғашық қыз бен жігіттің әр түрлі әлеуметтік ортадан шығуы себеп болады.

![«Махаббатым жүрегімде» хикаясын жіберіп алмаңыздар](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/8Uq1ejM6Gm5Dtv1Z9169al81r29rDi.jpg)

Бас кейіпкер - бақуатты отбасынан, Ұлыбританияда университет бітірген. Оның өз бизнесін ашу үшін идеясы мен жоспары көп. Оның қалаған сүйіктісі - ауылдың қызы, махаббаты реніш пен өкінішке, қайғыға ұласады.

![«Махаббатым жүрегімде» хикаясын жіберіп алмаңыздар](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/B07lkQQPBQYxwVa376i8lMDfDVbOn5.jpg)

Енді әрбір кеште жастардың хикаясын көріп, дарамалық оқиға қалай аяталады деп болжам жасайтын боламыз. «Махаббатым жүрегімде» олар табыса ма, әлде әрқайсысы өмірден өз жолын тауып кете ме?

![«Махаббатым жүрегімде» хикаясын жіберіп алмаңыздар](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/9I0y4Ov2aou54CqWlqL9GMt11e6K86.jpg)

Тәуекел Мүслім, басты рөлді ойнаушы

![«Махаббатым жүрегімде» хикаясын жіберіп алмаңыздар](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/I8DdU0ZwbEUqXNlFXPAnt5C4pIISwY.jpg)

Дастан әлеуетті отбасынан шыққан, Англиядан университетті бітіріп келген, енді оның Қазақстанда өз бизнесін ашпақ ойы бар. Ол ақкөңіл және жақсы жігіт, бірақ қарапайым отбасынан шыққан қызға ғашық болып қалады. Әрине баласының бұл талғамын әке-шешесі құптамайды, себебі қыз олардың теңі емес.

Гүлназ Жоланова, басты рөлді ойнаушы

![«Махаббатым жүрегімде» хикаясын жіберіп алмаңыздар](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/fH5qMoPhfL649s00eXfEy98qUrfNRS.jpg)

Өмірде мұндай таза махаббат та кездеседі. Бірақ, кейде өмір сынағы да кездейсоқ алдан шығып – уайым мен қайғыға, қобалжу мен жылауға әкеледі.

«Махаббатым жүрегімде» телехикаясын 6 қарашадан бастап, дүйсенбі-жұма, сағат **21.30**-да көріңіздер .

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mahabbatym-zh-regimde-hikayasyn-zhiberip-alma-yzdar-437514](https://yvision.kz/kk/post/mahabbatym-zh-regimde-hikayasyn-zhiberip-alma-yzdar-437514)