---
title: "Махаббатым, мархабатым, сен менің..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – I love you, I miss you «Белгісіз»Бейнематериал авторы ..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-04-23T13:35:46+00:00"
modified: "2018-04-23T13:35:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mahabbatym-marhabatym-sen-meni-802902"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mahabbatym-marhabatym-sen-meni-802902/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Махаббатым, мархабатым, сен менің...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – I love you, I miss you «Белгісіз»Бейнематериал авторы ...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – I love you, I miss you «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Махаббатым, мархабатым, сен менің,

Биіктерге самғатқан, бақ сезімім.

Бал шекерден шіркін-ай, тәтті екенсің,

Амандығың, мен үшін, бар тілегім.

Сен менің, жүрегімнің ішіндесің,

Бұйырған сезім болсаң, көз тимесін.

Біреулер, бұл көңілге, ауыр сөзбен,

Байқаусызда, көлеңкесін, түсірмесін.

Сен менің, өңімдесің, түсімдесің,

Өлең қылып жазылған, сөзімдесің.

Қуанышты сыйлаған, күнімдесің,

Маза бермей тулатқан, сезімдесің.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mahabbatym-marhabatym-sen-meni-802902](https://yvision.kz/kk/post/mahabbatym-marhabatym-sen-meni-802902)