---
title: "Махаббат «Аудио поэзия өлең»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Secret Garden “Pas..."
author: "Aikosmuz"
published: "2015-01-03T03:49:40+00:00"
modified: "2015-01-03T03:49:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mahabbat-audio-poeziya-le-455565"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mahabbat-audio-poeziya-le-455565/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Махаббат «Аудио поэзия өлең»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Secret Garden “Pas...

**Өлең авторы** **–** **Айгүл Сағымбайқызы**

**Өлеңді оқыған** **–** **Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы** **– Secret Garden “Passacaglia”**

**Бейнематериал авторы** **–** **Галина Хвостикова «Цветы»**

**Өңдеген** **–** **Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

 
 
 

Ей махаббат, сен мені, мың толқытқан,

Адастырып, мас қылып, армандатқан.

Сен бар жерде, жарқ етіп, таңым атқан,

Белестегі жолымсың, алға тартқан.

 

Теңейін десем, теңе алмаймын ешкімге,

Нәзік бұтақ, көктемдегі гүл жарған.

Нұрымсың ғой, жарық берген көңілге,

Бұл-бұл құсым, таңғы бақта сайраған.

 

Ағаш болсам, тамырымсың сен менің,

Күш алатын, сүру үшін өмірде.

Асығамын, көлеңкеңе, мен сенің,

Шаршағанда, шөлдегенде, мынау желде.

 

Бұлағымсың, күмістей сылдырлаған,

Шіркін ай, шөлімді, шөлімді мың қандырған.

Тұншығамын, сен жоқта, ауа жетпей,

Еш қызықты, жан жағымнан, мен көрмей.

 

Мынау кеудеме, қуанышым тек сыймас,

Жасай берші, енді, мәңгі махаббат.

Бақытымсын, ешбір жанға мен қимас,

Үзілмеші, тек сөнбеші, болашақта шапағат.

 

Жоқ болмайды, сынауға махаббатты,

Кір келтіріп, нәзік сұлу сезімге.

Кінә барма, айтыңдаршы сағатта?

Зырылдайды, ол көнбейді ешкімге.

 

Тізбек күндер, еске аламыз өткенді,

Бос салмақты, салып тағы жүрекке.

Салыстыру, болмау керек, сезімде,

Бұрыс жолдар, бұл сезімге, керек пе?

 

Махаббат пен дос болайық, жырлайық,

Әрбір күнін, шын сезіммен, бағалап.

Болайықшы, тазалыққа біз лайық,

Мәңгілігін тағдырдан, бірге сұрап.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mahabbat-audio-poeziya-le-455565](https://yvision.kz/kk/post/mahabbat-audio-poeziya-le-455565)