---
title: "«Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі өтеді."
description: "Қазан айы – қариялардың айы. Егде тартқан жандарға қамқорлық танытып, құрмет көрсету қазақтың қанынд..."
author: "CRMI"
published: "2016-09-25T22:34:01+00:00"
modified: "2016-09-25T22:34:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/made-in-zhe-k-rme-zh-rme-kesi-tedi-713749"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/made-in-zhe-k-rme-zh-rme-kesi-tedi-713749/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі өтеді.

> Қазан айы – қариялардың айы. Егде тартқан жандарға қамқорлық танытып, құрмет көрсету қазақтың қанынд...

Қазан айы – қариялардың айы. Егде тартқан жандарға қамқорлық танытып, құрмет көрсету қазақтың қанында бар қасиет. 1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні. Мерейлі мерекеге орай 30 қыркүйек күні Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» «Made in Әже» көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырады.

![«Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі өтеді.](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/l9hEt9iGb3H6a1tY8EUskYv5soE389.jpg)

Бұл шарада әжелеріміз жастарға өздерінің сүйікті істерінің тәжірибесімен бөлісіп, мастер-класстарын көрсетеді.Оған қоса әжелеріміз қолөнер бұйымдары, ғасырлар бойы сақталған аспаздық құпия, үлгілі ана, табысты әйел болудың қыр-сырын үйретпек. Мерекелік іс-шараға қатысам деген әжелерге орталық есігі әрқашан ашық.

![«Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі өтеді.](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/417NYZ2J9KGN7eiVL7P2LAm3fqwS0B.jpg)

30 қыркүйек күні сағат 16:00 де өтетін «Made in Әже» көрме-жәрмеңкесіне қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз. Қарттар – біздің асыл қазынамыз.

 

**Біздің мекен-жайымыз: Ломов38 көшесі, 1.02 кабинеті.**

**Байланыс телефоны: 66-12-45**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/made-in-zhe-k-rme-zh-rme-kesi-tedi-713749](https://yvision.kz/kk/post/made-in-zhe-k-rme-zh-rme-kesi-tedi-713749)