---
title: "Маңызы зор кездесу"
description: "2015 жылдың 9 шілде күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі Еңбек, әлеуметтік қо..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-07-10T00:56:18+00:00"
modified: "2015-07-10T00:56:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-yzy-zor-kezdesu-520249"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-yzy-zor-kezdesu-520249/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңызы зор кездесу

> 2015 жылдың 9 шілде күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі Еңбек, әлеуметтік қо...

![Маңызы зор кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/mrYLgeqBk9uRJLQs0eJE0jUP7AAvte.jpg)

2015 жылдың 9 шілде күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша Департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді. Семинар- кеңеске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл департаментінің консультанты Е.Төлепқалиев және «Заман» ЖҚБ төрағасы А.Өкшебаев қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын**-**алу Стратегиясының басым бағыттарынмен және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндірді. Семинарға департамент басшылығы және қызметкерлері барлығы 30 адам қатысты.

Семинар**-**кеңесте қатысушыларға арнайы жасалған жаднамалар, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналдары таратылып, тақырыптық видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Агенттік дайындаған арнайы сауалнама толтырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-yzy-zor-kezdesu-520249](https://yvision.kz/kk/post/ma-yzy-zor-kezdesu-520249)