---
title: "Маңызды мегажобалар ел экономикасын өрістетеді"
description: "Елімізде жүзеге асырылып жатқан жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму локомотивтерінің ..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-07-13T00:59:57+00:00"
modified: "2012-07-13T01:02:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-yzdy-megazhobalar-el-ekonomikasyn-ristetedi-275865"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-yzdy-megazhobalar-el-ekonomikasyn-ristetedi-275865/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңызды мегажобалар ел экономикасын өрістетеді

> Елімізде жүзеге асырылып жатқан жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму локомотивтерінің ...

Елімізде жүзеге асырылып жатқан жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму локомотивтерінің міндеттерін маңызды мегажобалар атқармақ. Алғашқы 5 жылдықта елімізде 18 халықтық құрылыс өз жұмысын бастап та кетті. Оның ішінде, Шығыс Қазақстандағы титан құймалары мен қорытпаларын өндіру зауыты, Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түркіменстан» мемлекеттік шекара теміржолдар желісі тәрізді жобалар қазірдің өзінде-ақ жүзеге асырылып, іске қосылған. Алдағы межеде 11 ірі халықтық құрылысты қолға алып, жүзеге асыру жоспарда бар. Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында салынып жатқан шипажайлар жылына 3 миллионға жуық туристі қабылдауға қауқарлы Қазақстандағы негізгі туристік орталықтарға айналмақ. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқан жобалар жаңа экономикамыздың іргетасының берік қаланып, тегеурінді болуына ықпалын тигізе бермек.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-yzdy-megazhobalar-el-ekonomikasyn-ristetedi-275865](https://yvision.kz/kk/post/ma-yzdy-megazhobalar-el-ekonomikasyn-ristetedi-275865)