---
title: "Маңғыстаулық экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "Маңғыстау облыстық экология департаментінің ұжымымен кездесу өткізген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ..."
author: "News-Aktau"
published: "2021-01-19T03:04:50+00:00"
modified: "2021-01-19T03:04:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystauly-ekologtar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-917756"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystauly-ekologtar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-917756/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстаулық экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> Маңғыстау облыстық экология департаментінің ұжымымен кездесу өткізген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ...

Маңғыстау облыстық экология департаментінің ұжымымен кездесу өткізген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің превенция және парасатталықы басқармасының басшысы Қайрат Бәйгебаев, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда екендігін айтты.

![Маңғыстаулық экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/1fb7878bf0f79cea1eebc1b3ae4a65.jpg)

Соңғы 2 жылда Маңғыстау өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, пара берудің - 32, парақорлықта делдал болудың - 1, әр түрлі құқыққа қайшы бизнес жұмысына араласудың - 24 дерегі анықталған. Бүгінгі таңда, облыс бойынша инвестицияның жалпы сомасы 1 трлн. 401 млрд. 310 млн. 212мың теңгеден асатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің» 21 бизнес-жобасы бар.

![Маңғыстаулық экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/1a973c4177924140f3853bd6f3321e.jpg)

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. Өткен жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырғанын және бұл тәсіл халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өтті.

![Маңғыстаулық экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/2f17eccde9449d06bb4bff9295473d.jpg)

Сондай-ақ, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институты, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, Қазақстанның ГРЕКО-ға қосылу процесін аяқтау туралы да айтылды.

![Маңғыстаулық экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/88fb1ffa09a94e3e06819577f26690.jpg)

«Өткен жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды. Яғни, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынды, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамы кеңейтілді және комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шаралар көздейтін Заңға қол қойған болатын», - деді Қайрат Бәйгебаев.

![Маңғыстаулық экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/db1c3940ed4256f5a0b025229f3f83.jpg)

Өз кезегінде Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында ұжымда тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін және барлық мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс жасалынып жатыр деп сендірді.

![Маңғыстаулық экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/f885e8d3452e9abb82e2bf28856cf3.jpg)

Пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында қабылданған нормаларға назар аударған уәкілетті органның өкілі, аталған барлық заңнамалық нормалардың қабылдануы – жемқорлықпен күресті күшейтуге зор үлес қосып, оның деңгейін төмендетуге ықпал етеді деген сенімде екендігін жасырмады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-ystauly-ekologtar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-917756](https://yvision.kz/kk/post/ma-ystauly-ekologtar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-917756)