---
title: "Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!"
description: "2015 жылдың 7 мамыр күні, Маңғыстау облысының, Жаңаөзен қаласының маңындағы, Қарабақты және Мирас ш..."
author: "Rassul_Dara"
published: "2015-05-27T10:52:43+00:00"
modified: "2021-02-09T21:01:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystauda-y-abylan-turaly-barly-shyndy-eksklyuziv-505042"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystauda-y-abylan-turaly-barly-shyndy-eksklyuziv-505042/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!

> 2015 жылдың 7 мамыр күні, Маңғыстау облысының, Жаңаөзен қаласының маңындағы, Қарабақты және Мирас ш...

2015 жылдың 7 мамыр күні, Маңғыстау облысының, Жаңаөзен қаласының маңындағы, Қарабақты және Мирас шаруашылығында жан түршігерлік оқиға болды. Ғаламтор желілерінде, көршілес ел Түркменстаннан, біздің өңірге қарай кезіп келген қабыланның, өлтірілген суреті тез тарап кетті. Ғалымдардың айтуы бойынша, ол жақта осындай сирек кездесетін аңдардың шағын тобы мекен етеді екен, ал мына қабылан, біздің өңірге жаңа үй іздеп келген болса керек. Оқиғаның бірнеше нұсқалары да болды:

Браконьерлер, ақбөкендерді ұстау үшін қақпан құрған, алайда, қақпанға түскен қабыланды көрген соң, оны ұрып өлтірген.

Малшылар (мал бағатын адам), жыртқыш аңды адамға шабуыл жасағаны үшін өлтірген.

Малшылар, қасқыр ұстау үшін құрған қақпанға түсіп, өлген кейіп танытып жатқан қабыланға жақындай бергенде, қабылан адамдарға шабуыл жасаған. Содан кейін малшылар жыртқышты өлтірген.

![Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!](https://storage.yvision.kz/images/user/rassul_dara/YNXPTP2989q1oMcj8v0792Y9MzPv00.jpg)

Наразылық танытқан ғаламтор пайдаланушыларынан, коптеген басқа да болжамдар, сондай-ақ, Қызыл кітапқа енген жыртқышты өлтірген адамдарды қатаң жазаласын деген талаптары да болды. (Қабылан (Panthera pardus) - Қазақстанның қызыл кітабында тіркелмеген. автордың ескертуі)

Қабылан, сілеусінмен тұқымдас болып келеді. Ертеректе, сілеусіндер (acinonyx jubatus - Қазақстанның Қызыл кітабында тіркелген) Маңғыстау өңірінде мекен еткен және көпшілік бұдан хабардар. Алайда, қазіргі таңда оларды біздің өңірден кездестіру мүмкін емес. Жолбарыстар-біз осы мифтік аңдар туралы, Адай батырлары, өзінің даңқын шығару үшін аулаған деген әңгімелерден білеміз. Осының салдарынан, сонымен қатар, Маңғыстау өңірінің климаттық өзгеруі, өңіріміздегі жолбарыстардың жоғалып кетуіне себепші болды. Бірақ, өкінішке орай жолбарыстар да Қазақстанның Қызыл кітабында тіркелмеген.- автордың ескертуі.

Сонымен, сол күні шын мәнінде қандай оқиға орын алды?

Бұл оқиғаның барысын Расул Дара, оқиғаның қатысушылары Ахмет Күмісбаев және Бердеш Жорасов арқылы, бізге түсінуге көмектеседі.

-Сәлеметсіздер ме, Ахмет! Бердеш!

-Сәлеметсіз бе!

-Бұл оқиғаның бастауы неде? Толығырақ айтып өтсеңіз?

Ахмет (ары қарай А.) – Шамамен, бір жарым, екі жылдан бері біздің отарымыздан қойларымыз жоғалып бастады, уақыт өте келе, табынымыздағы құлындардың жоғалып бастағанын байқадық. Біз, үнемі маңайымыздан қасқырлардың, болжаммен Арланның іздерін табатынбыз. Бұл жолы да қасқыр деп ойлап, Қарабақты және Мирас шаруашылығының аумағы бойынша, қақпандар құрып шықтық. Содан бір ай откен соң, 7 мамыр күні, түскі уақытта, шаруышылықтағы жолдасым Бердеш Жорасов келіп, қақпандардың біреуі жоқ екенін айтты. Ол аумақты бақылап, мал санын түгендеп жүргенде, қақпанның жоқтығын байқаған. Айналамызда ірі аңның іздері жатты, біз қайтадан оны арлан (қасқырдың ірі түрі - автордың ескертуі) деп ойладық.

- Содан?

А. – Мен қолыма күрек алдым және біз, Бердеш екеуміз 12-калибрлі аңшылық винтовкасын қасымызға алып, (2016 жылға дейін лицензиясы бар - автордың ескертуі.) қасқырдың ізімен жүріп отырдық. Біз, қақпандар құрылған орыннан, 4-5 шақырым жерден жыңғылды өскен жерді таптық. Әдетте, қасқыр өзінің бар екендігін дереу ескертеді. Қалай? Ол көліктің немесе адамдардың дауысын естігеннен, қорқып, орнынан қашып кетеді немесе қай жерде отырғанын білдіретін дыбыс шығарады. Бірақ, бұл жолы жағдай басқаша болды, қасқыр өзінің бар екендігін білдірткен жоқ. Біз, қасқыр бұл жерде жоқ шығар, немесе қақпанның кесірінен өліп қалған шығар деген оймен, шындыққа көз жеткізу үшін, жыңғылдың арасына қарай жүре бердік. Бердеш басқа бағытта, мен басқа бағытта іздестіруді жалғастырдық, арамыз 10-15 метрдей болатын.

Күтпеген қонақ!

А. – Сол сәтте, мен күтпеген УААААУ (арыстанның дауысындай) деген дауысты естідім, содан, үлкен ауыздың маған қарай ұшып келе жатқанын байқадым да, қолымдағы күректі сермеп қалып, қабыланның тұмсығына тигіздім! Алайда, бұл соққы оны бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Сонымен қатар ол, сол қолыма аяғымен соққы беріп те үлгерді.

-Ары қарай не болды?

А.- Менің 180см бойыммен қоса, 105кг таза салмақпен, бір аяғының соққысының өзінде (күрекпен ұрғаннан кейінгі, толық күшін пайдаланбаса да) мен арқаммен құлап түстім. Менің үстімде орман және аңшылық инспекторының киімі болатын.

![Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!](https://storage.yvision.kz/images/user/rassul_dara/7U4vCVF5tl5D3vS2phRk5SanonPMjI.jpg)

А.- Ол, бірден маған қарай шабуылдап, тамағымнан тістеуге тырысты. Оның кеуде тұсы, менің іш жағымда тұрды. Мен оның басын басқа жаққа қарай бұруға тырыса бергенімде, қолым оның аузында қалып қойды.

![Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!](https://storage.yvision.kz/images/user/rassul_dara/fG7zrh9UKCX6hNuYvQniL0O0vCh0dL.jpg)

А.- Ол мені тістелей бастады, мен, өз қолымның сүйектері мен, оның тістерінің кіріп жатқан дауыстарын анық естідім. Сол сәтте, бос тұрған оң қолыммен оның мойнынан қысып, қабыланды түншықтыруға тырыстым. Бірақ, оның мойнының күштілігі сонша, менің түншықтыруға тырысып жатқанымды сезген де жоқ. Қасқырды, бір қолмен мойнынан қысып түншықтыруға немесе екінші қолмен қорғана жүріп, пышақпен өлтіруге болады деседі. Әдетте, біз, қасымызда пышақ алып жүреміз, бірақ, осы жолы үйде ұмытып кетіппін, жолда келе жатқанымызда Бердешке пышақты ала шығуымыз керек еді,- деп айтып келе жатқан болатынмын...

-Ахмет, содан кейін қандай шара қолдандыңыз?

Түншықтыру қолымнан келмейтінін түсінгеннен кейін, оны аяғыммен итеруге тырыстым. Арқаммен жерге жаттым да, оң аяғыммен итере берген кезімде, ол менің қолымды жіберіп, аяғымды тістей бастады! Ол менің аяқ киміме жармасып, кәмпиттің қағазын шешкендей, оп-оңай менің аяқ киімімді жұлып алды да, шетке қарай лақтырып жіберді. Тағы да аяғымды тістелей бастады. Екінші рет жармасқанда, аяғым еш қорғансыз еді, соны пайдаланған қабылан менің табанымды оп-оңай жыртып жіберді, және осы сәттің барлығында тістің теріні тескілеп жатқан қорқынышты дауыстары болды. Дәрігерлердің айтуы бойынша, қабылан, бір аяқты 9 рет тістеген!

![Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!](https://storage.yvision.kz/images/user/rassul_dara/I7dx4UjyHyw7o3od1qwC0cXI3P1C9O.jpg)

А.- Ол менің аяғымды немесе қолымды тістеуге тырысқан жоқ, барлық әрекеті менің тамағыма жармасу еді. Менің бар ойым тамағымды қорғау болды, сондықтан, аяқтарыммен және қолдарыммен қорғандым.

- Ары қарай не болды?

А.- Қабылан менің үстімнен түсіп, Бердешке қарай бағытталды.

- Ол қалайша сізді оңай калдырды?

А. –Мүмкін, ол жақындап келе жатқан Бердешті байқаған шығар.

Бердеш салқынқандылық танытты!

- Бердеш, осынша уақыт ішінде сіз қайда болдыңыз?

Бердеш (ары қарай Б.) – Мен Ахметтен 10-15 метр қашықтықта жүрген болатынмын, кенеттен, ерекше УАААУ деген дыбыс естідім, содан соң, Ахмет көлікке қарай шегінген шығар деп, мен де артқа қарай шегіндім. Сол сәтте, Ахметтің: "Ат! Ат!" – деген дауысын естідім де, Ахметке қарай бет алдым. Мен жолақ бір зат көрдім, бірақ оның не екенін түсіне алмадым. Ол, сол кезде Ахметтің үстінде тұрып, қолын тістеп жатқан болатын. Менің ойым жан жаққа кетіп, не істерімді білмей тұрып қалдым. Қалай болғанда да, Ахмет ол аңмен арпалысып жатқанда, мен оған қарай аталмайтынымды білдім, кейін, ол аңның қабылан екенін көрдім. Мен, аңды көздедім де, қолайлы сәтті күтіп, Ахметке қарай баяу жақындадым. Ахметтің оны аяғымен теуіп жатқанын көрдім, содан кейін қабылан Ахметті жібере салып, маған қарай келе жатты!!

- Дәл сізге қарай? Ары қарай не болды?

Б. –Қабылан маған қарай секірді!

- Сіз қандай да бір шара қолданып үлгердіңіз бе?

Б. – Мен бір рет атып үлгердім, шынымды айтсам, кайда атқанымды да білмеймін! Алайда, қабылан тоқтаған жоқ, менің қаруыма қарай жармасты. Ол менің қолымдағы қаруды, баланың қолынан алғандай тартып алды. Негізінде мен оны қатты ұстап тұрған болатынмын! Сіз елестете аласыз ба?! Сол сәтте, ол жерге құлады да, қаруды аяғымен ұруға тырысты. Сырт көзге, ол қаруды құшақтағандай болып, соңғы рет дыбысын шығарды да жан тапсырды.

- Бердеш, сіз оның қай жеріне тигізіпсіз?

Б. – Дәл кеудесіне, жүрек тұсына. Біздің жолымыз болды! Біз, тірі қалғанымыз үшін Аллаға шүкіршілік етеміз!

![Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!](https://storage.yvision.kz/images/user/rassul_dara/dsJUS8q2GAmoqab1oG2Y9Piu88JZ3P.jpg)

Б. – Мен бірден Ахметке көмекке ұмтылдым. Біз, қаладан 50 шақырымдай жерде едік, күндізгі сағат 5-тер шамасында Жаңаөзен қалалық ауруханасына келдік, сол жерде бізге алғашқы көмек көрсетілді.

- Қабыланды не істедіңіздер?

Б. – Ертесі күні, мен оны суретке түсірдім де, өртеп жібердім.

- Өртеп??

Б. – Иа, өртедім. Олай істеуімнің де себебі бар. Егер, мен оны сол жерде тастап кетсем, оны түлкілер немесе қарсақтар жеп қояр еді, және соның салдарынан олар құтырма ауруына шалдығар еді. Қазір көктем, сондықтан бұл кезде құтырма ауруының жұғу деңгейі жоғарылайды.

- Бұл сөзіңіз қисынды!

Ахмет. – Мен алғашқы күндері есімді толық жия алмай жатқан кездерде, ғаламтор желісінде біз туралы әр түрлі ойлар мен анық-қанығына жетпей жатып, наразылықтар, сондай-ақ, тұрпайы сөздер айтылған болатын. Менің, сіздерге айтқым келетіні: «Мен, орман және аң аулау шаруашылығының инспекторымын. Егер жағдай басқаша болып, Қазақстандағы алғашқы қабыланды сіздерге көрсету маған бұйырған болса, мен үшін мәртебе болар еді! Бізде, ол жерде қабылан болады деген ой мүлдем болған жоқ. Біз, қасқырды іздеуге шыққан болатынбыз. Және де, осы уақытқа дейін Қазақстанда қабылан бар екен деп кім ойлаған? Егер, сізде әлде де күдік болса, кез келген уақытта маған хабарласуыңызға болады, мен сіздерге болған оқиғаның орнына дейін көрсетіп, түсіндіріп бере аламын!»

- Сұхбатыңызға рахмет!

А. – Сізге де, рахмет! Біз, енді, адамдар шын мәнінде не болғанына көз жеткізіп, түсініспеушілікпен қарайды деп үміттенеміз!

- Солай болатынына сенімдімін, Ахмет!

Қазіргі уақыттағы біздің қолымыздағы ақпарат?

Қазіргі уақытта, Ахмет Жаңаөзен қалалық ауруханасында ем алып жатыр, оның ішіне 90 күндік құтыруға қарсы вакцин де кіреді. Ахмет, сөз арасында қалжыңдап, қазақта ерекше, ең қиын және қауіпті болатын жас -37 жас, яғни, мүшел жас дейді! Және де, тірі қалғаны үшін Құдайға шүкіршілік етеді! Ахмет пен Бердеш ең қауіпті, кез келген қателік өмірмен пара-пар болып тұрған сәтте ерлік көрсете білді. Айтпақшы, күрекпен ұрғаннан кейін қабыланның бір тісі сынған! Мұның өзі де, қабыланның толық жарақат салуынан сақтап қалды.

![Маңғыстаудағы Қабылан Туралы Барлық Шындық! Эксклюзив!](https://storage.yvision.kz/images/user/rassul_dara/W1xCt99Yv74WBHzDyby6oT56XVdMze.jpg)

Полиция оқиға барысы бойынша тергеу жүргізді, оқиғаға қатысушылардың айтқан сөздері, тіпті сол кездегі қашықтыққа дейін расталды. Медициналық есеп бойынша, адам денесіндегі жарақаттардың барлығы жыртқыш аң, қабыланның салғаны анықталды.

Мінекей, адам айтуға сенгісіз оқиға, құрметті оқырмандар! Әркім өз қателігін түсініп, келесіде мән-жайдың анық қанығына көз жеткізбей жатып, шешім шығарудан аулақ боласыздар деп сенемін! Ахмет пен Бердешке денсаулық тілейміз! Ал біз, бір күні әлем Қазақстандық қабыланды көреді деп сенеміз! Барлықтарыңызға рахмет!

Автор – Расул Дара. Достар, бұл оқиғамен бөлісіңіздер! Барлығы шындықты білсін!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-ystauda-y-abylan-turaly-barly-shyndy-eksklyuziv-505042](https://yvision.kz/kk/post/ma-ystauda-y-abylan-turaly-barly-shyndy-eksklyuziv-505042)