---
title: "Маңғыстау облысындағы СМГ-ның жағдайы туралы"
description: "ҚР-да сұйытылған мұнай газын (СМГ) ең көп тұтыну Маңғыстау облысында байқалады. Маңғыстау облысында ..."
author: "minenergo"
published: "2017-09-06T04:10:12+00:00"
modified: "2017-09-06T04:10:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysynda-y-smg-ny-zha-dayy-turaly-777813"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysynda-y-smg-ny-zha-dayy-turaly-777813/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстау облысындағы СМГ-ның жағдайы туралы

> ҚР-да сұйытылған мұнай газын (СМГ) ең көп тұтыну Маңғыстау облысында байқалады. Маңғыстау облысында ...

ҚР-да сұйытылған мұнай газын (СМГ) ең көп тұтыну Маңғыстау облысында байқалады. Маңғыстау облысында СМГ-ны ай сайынғы тұтыну 13-14 мың тоннаны құрайды. Осы облыста СМГ-ның негізгі жеткізушісі «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС болып табылады. Олар ай сайын өндіретін 13-14 мың тонна СМГ-ны 100% Маңғыстау облысының ішкі нарығына жібереді. «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңы 27-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Министрлік әр айдың 25-ші күніне дейін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын (Беру жоспары) бекітеді. СМГ-ның қажетті көлемімен қамтамасыз ету туралы шешім ҚР ішкі нарығына СМГ көлемін бөлу жөніндегі Комиссияның отырысында қабылданады (бұдан әрі - Комиссия). Комиссия құрамына: Министрліктің, "Нұр Отан" партиясының, «KazEnergy» қауымдастығының және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Осылайша, Беру жоспары шеңберінде Министрлік ай сайын СМГ-ны бөлу жөніндегі Комиссияның отырысын өткізеді. Комиссияның отырысына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылады. 2017 жылғы 19 шілдеде Энергетика министрлігінде а.ж. тамыз айына СМГ көлемін бөлу жөніндегі Комиссияның ай сайынғы отырысы өтті. (Отырысқа Маңғыстау облысы Әкімдігінің Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы В. Т. Мұстапаева қатысты). Маңғыстау облысының әкімдігі тамыз айына СМГ-ны тұтынудың болжамдық көлемі 13 940 тоннаны құрайтындығын хабарлады. Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Министрлік тамыз айына Беру жоспарын бекітті. Беру жоспарына сәйкес Маңғыстау облысына "ҚазГӨЗ" ЖШС ресурсынан 13 940 тонна бөлінді. Алайда Маңғыстау облысының әкімдігі ағымдағы жылдың 2 тамызында Министрлікке тамыз айына "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан қосымша 2000 тонна көлемін бөлу туралы хат жолдады. 2017 жылғы 3-тамызда Министрлік тамыз айына бекітілген СМГ-ны Беру жоспарына толықтырулар енгізіп, соған сәйкес «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауытынан 2000 тонна бөлді. Зауыттан алғашқы жөнелту жуық арада (12 вагон, 420 тонна), ал Маңғыстау облысына түсіру а.ж. 6 тамызында күтілуде. Әкімдіктің ақпараты бойынша, облыста қалыптасқан тапшылықтың себебі – теңізге келген туристер ағынының артуы, киелі жерлерге қажылық жасалуы, машиналарда салқындатқыштар пайдалану, алқаптардан көкөністерді және бақша өнімдерін жеткізу және т. б. Аталған облыста СМГ тапшылығы ағымдағы жылдың мамыр айында байқалды, ол кезде «ҚазГӨЗ» ЖШС-да СМГ өндірудің төмендеуі себеп болды (жөндеу жұмыстары). Мәселені шешу мақсатында ҚР Энергетика министрлігі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ресурсынан 2000 тонна СМГ бөлді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysynda-y-smg-ny-zha-dayy-turaly-777813](https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysynda-y-smg-ny-zha-dayy-turaly-777813)