---
title: "Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті"
description: "Жұмыс тобына төрағалық ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің са..."
author: "News-Aktau"
published: "2020-01-08T15:39:31+00:00"
modified: "2020-01-08T15:39:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-t-p-ara-an-audany-m-ms-zh-yesi-boyynsha-zh-mysty-bastap-ketti-847464"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-t-p-ara-an-audany-m-ms-zh-yesi-boyynsha-zh-mysty-bastap-ketti-847464/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті

> Жұмыс тобына төрағалық ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің са...

Жұмыс тобына төрағалық ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековке жүктелген.

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/92e26ee6da2b1b2a02053e45ec64ef.jpg)

Топ құрамында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ IT бойынша басқарушы директоры Нұрбол Жұмаділда, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан университеті ректорының Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры Бақтияр Серік, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау филиалының директоры Руслан Бектубаев болды.

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/36a3653dd79c1ce34b72ec8e1bf937.jpg)

Олар аудандық ауруханада және емханада болып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асырылу барысымен танысты. Биылдан бастап аудан тұрғындары екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек алады. Биылдан бастап кепілдендірілген медициналық көмекпен бірге қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүреді.

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/b74976ec29219df581f594865b2968.jpg)

Еске сала кетейік, МӘМС азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Ал кепілдендірілген көмек болса мемлекет тарапынан қаржыландырылады.

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/e6915146e20cea8492fe68094efd9d.jpg)

Аудан тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. Әр адам емханаға немесе ауруханаға барып, жеке басын куәландыратын құжаты арқылы базадағы статусын анықтап, соған сәйкес қызметтер алуына болады. 30 000-нан астап халқы бар аудан бойынша, бүгінде статусы анықталмаған 150 адам ғана қалып тұр.

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/38d4741ad8dac7b21c18af245c0eaf.jpg)

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/e5a25ebdc6f14ecfcec94731b4bfb0.jpg)

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/8f1afff7fddec7a90f33d6f07947b6.jpg)

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/3bd1f022cd91272f4104e00d67b607.jpg)

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/ebde834dbade649f489e742b1a1c06.jpg)

![Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы МӘМС жүйесі бойынша жұмысты бастап кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/bd7303b903f898096b3a4940c166b3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-t-p-ara-an-audany-m-ms-zh-yesi-boyynsha-zh-mysty-bastap-ketti-847464](https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-t-p-ara-an-audany-m-ms-zh-yesi-boyynsha-zh-mysty-bastap-ketti-847464)