---
title: "Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді."
description: "Мұнда бір ауысымда 13 диспетчер жұмыс істейді. Эпидемиологиялық жағдай күрт қиындаған тұста \"103\" қы..."
author: "News-Aktau"
published: "2021-08-30T04:03:33+00:00"
modified: "2021-08-30T04:03:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-densauly-sa-tau-bas-armasyny-basshysyna-zhedel-zh-rdem-yzmetini-zh-mysy-k-rsetildi-946575"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-densauly-sa-tau-bas-armasyny-basshysyna-zhedel-zh-rdem-yzmetini-zh-mysy-k-rsetildi-946575/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.

> Мұнда бір ауысымда 13 диспетчер жұмыс істейді. Эпидемиологиялық жағдай күрт қиындаған тұста "103" қы...

Мұнда бір ауысымда 13 диспетчер жұмыс істейді. Эпидемиологиялық жағдай күрт қиындаған тұста "103" қызметіне күніне 1000-ға жуық қоңырау түскен.

![Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/0731435b1a403ad830d91d9d791645.jpg)

Аманбек Қабдешұлы жедел жәрдем қызметінің жұмыс барысымен таныса келе, пандемияға қарсы күресте алдыңғы шепте жұмысын жалғастырып келе жатқан «103» қызметінің әрбір қызметкерінің еңбегін жоғары бағалайтынын атап өтіп, ризашылығын білдірді.

![Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/6b9a2dc571b10161eb1c7b04273f61.jpg)

«Мен бүгін 103 диспетчерлік қызметінің қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көргенді жөн санадым. Сіздерге жауапкершілік пен жүктің екі есе артқанын жақсы түсінемін. Осындағы барлық дәрігерлерге, фельдшерлерге, жүргізушілерге, әкімшілік қызметкерлерге, кезекші диспетчерлерге күнделікті жұмыс барысында пандемиямен күресте күш-жігеріңіз сарқылмасын дегім келеді», - деді ол.

![Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/b86733e3b6ebc2ca80d614524561ca.jpg)

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаев, бамқарма басшысына облыс бойынша күн сайын 52 бригада кезекшілікке шығатынын, оның 16-сы тек Ақтау қаласында екенін айтты.

![Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/a886ad77ffebcf8607611cfd20abb4.jpg)

«Біздегі жедел жәрдем бригадалары тәулік бойы жұмыс істейді. Жедел жәрдем станциясы әдеттегідей жұмысын жалғастыруда және бір сәтке тоқтатқан емес. Коронавирустық пандемия кезінде қоңыраулар саны екі есе өсті. Біз науқастардың барлығына кепілдендірілген тегін медициналық көмекті шұғыл әрі сапалы көрсетуге тырысамыз. Біздің мамандар жеке қорғаныс құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген», - деді Айларбек Елтайұлы.

![Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/f7985220c1e5da0054ff334e31c898.jpg)

Айта кету керек, жедел жәрдем қызметінің пандемия жағдайында шұғыл әрекет ету алгоритмі әзірленген. Әрекеттер жоспары да бекітілген. Барлық медицина қызметкерлері тиісті дайындықтан өткен. Жедел жәрдем көліктерін дезинфекциялауға ерекше назар аударылады. Жедел жәрдем станциясы базасында облыс тұрғындарына кеңес беру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы тағы бар.

![Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/cb08566d4ce3a72fb26241bd48ff3e.jpg)

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаевқа орын алған кемшіліктерді жоюға және тұрақты түрде сапалы медициналық қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұйымдастыруға тапсырма берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-densauly-sa-tau-bas-armasyny-basshysyna-zhedel-zh-rdem-yzmetini-zh-mysy-k-rsetildi-946575](https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-densauly-sa-tau-bas-armasyny-basshysyna-zhedel-zh-rdem-yzmetini-zh-mysy-k-rsetildi-946575)