---
title: "Маңғыстау облысы бойынша департаменті Астана күнін атап өтті"
description: "Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T07:15:29+00:00"
modified: "2015-07-15T07:15:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-boyynsha-departamenti-astana-k-nin-atap-tti-521914"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-boyynsha-departamenti-astana-k-nin-atap-tti-521914/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстау облысы бойынша департаменті Астана күнін атап өтті

> Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а...

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Астана күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Аталған іс-шараға департаменттің басшы құрамы және қызметкерлері қатысты. Алғашқы сөз кезегі Департамент басшысы М.Нәлібаевқа беріліп, қызметкерлерді Астана күнімен құттықтады. Келесі сөз кезегі департаменттің әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы С.Сихымбекұлына берілді. Ол өз кезегінде Астана қаласы туралы баяндамасын қызметкерлерге таныстырды. Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика басқармасының басшысы К.Бәйгебаевқа міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімімен құрмет грамотасы берілді. Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жеке құрамына конкурстық комиссияның оң нәтижесін алып, жаңадан жұмысқа аяқ басқан қызметкерлер таныстырылды.

![Маңғыстау облысы бойынша департаменті Астана күнін атап өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/h4mxlbtZB10kjfV63DzoLx5vHK6104.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-boyynsha-departamenti-astana-k-nin-atap-tti-521914](https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-oblysy-boyynsha-departamenti-astana-k-nin-atap-tti-521914)