---
title: "Маңғыстау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T07:14:17+00:00"
modified: "2015-07-15T07:14:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-audanynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-t-sindirildi-521912"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-audanynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-t-sindirildi-521912/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маңғыстау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен *(әрі қарай - Департамент)* ағымдағы жылдың **2 шілдесінде** Маңғыстау ауданы әкімдігінің конференц-залында мемлекеттік жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметті өткеру және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар-кеңес өткізілді.

Семинарды **Маңғыстау ауданының** әкімі **Ж. Айтуаров** ашып, қатысушыларды семинар-кеңестің күн тәртібімен таныстырып, ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстырып өтті.

Алғашқы сөз кезегі Департамент басшысы **М. Нәлібаевқа** беріліп, жаңадан құрылған Департаменттің мақсаты мен міндеттері, «100 нақты қадам» ұлт жоспары және ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Халыққа Жолдауы туралы айттып өтті.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетілген соң, аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Е. Жұмабайдың** ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалысы туралы, мемлекетттік қызметті өткеру тәртібі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мәселелер туралы баяндамасы тыңдалды.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат берілді.

Департамент басшысы **М. Нәлібаев** семинар жұмысын қорытындылап және де аумақтық департамент алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында осыған ұқсас семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу жұмыстарын одан әрі жалғастыра беретіндігін айтып өтіп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын қабыл алуға әрқашан дайын екендігін тілге тиек етті.

Іс-шара соңында Департамент басшысы азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауын өткізіп, ауданның еңбек ұжымдарымен танысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылды..

![Маңғыстау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/dH8Ig8l6b600D9XMHJeX777lnFBl06.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-audanynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-t-sindirildi-521912](https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-audanynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-t-sindirildi-521912)