---
title: "\"Маңғыстау - адалдық алаңы\" жобалық кеңсесінде тұрғындарды жеке сұрақпен қабылдау өтті."
description: "\"Маңғыстау - адалдық алаңы\" жобалық кеңсесі өз жұмысын бастап кетті. Мұнайлы ауданының бір топ тұрғ..."
author: "Nurbol_Konzhar"
published: "2019-01-24T04:29:34+00:00"
modified: "2019-01-24T04:47:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesinde-t-r-yndardy-zheke-s-ra-pen-abyldau-tti-824473"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesinde-t-r-yndardy-zheke-s-ra-pen-abyldau-tti-824473/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде тұрғындарды жеке сұрақпен қабылдау өтті.

> "Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өз жұмысын бастап кетті. Мұнайлы ауданының бір топ тұрғ...

"Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өз жұмысын бастап кетті.

!["Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде тұрғындарды жеке сұрақпен қабылдау өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/78913d7af1908dd5f4d94f95463303.jpg)

Мұнайлы ауданының бір топ тұрғындары жер учаскесін сатумен айналысатын алаяқтарға алданғандарын айтып, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының араласуын сұрап, өз уәждерін жеткізді.

!["Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде тұрғындарды жеке сұрақпен қабылдау өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/a5f75479ea1704997c5635d32e13f7.jpg)

Аудан тұрғындарын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев тыңдап, тиісті органдар бұл мәселемен айналысып жатқандығын айтты.

!["Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде тұрғындарды жеке сұрақпен қабылдау өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/67a111c20b4b741f69eeb14817e0db.jpg)

Ал Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов, бұл мәселеден хабардар екендігін және қазіргі таңда күдіктілердің ұсталып, оларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатқандығын жеткізді.

!["Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде тұрғындарды жеке сұрақпен қабылдау өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/415080/379ccd03d5051862a6e3e14a678983.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesinde-t-r-yndardy-zheke-s-ra-pen-abyldau-tti-824473](https://yvision.kz/kk/post/ma-ystau-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesinde-t-r-yndardy-zheke-s-ra-pen-abyldau-tti-824473)