---
title: "Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді"
description: "ОҚО орталығы Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жастар ресурстық орта..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-09-09T08:07:12+00:00"
modified: "2016-09-09T08:07:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taraldy-namysyn-or-a-an-o-albaevtar-zhan-yasy-2-shi-oryndy-ielendi-711314"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taraldy-namysyn-or-a-an-o-albaevtar-zhan-yasy-2-shi-oryndy-ielendi-711314/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді

> ОҚО орталығы Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жастар ресурстық орта...

![Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14291883_350759148646199_2715656847333996062_n.jpg?oh=331b0530ac9c6264312cd14b6909cf81&oe=587CEB6C)

**ОҚО орталығы Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады» атты тақырыпта отбасылар арасында байқау болып өтті.**

Адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – «Отбасы» екені бәрімізге мәлім. Осыны ескеріп аталмыш облыстық байқауға Мақтарал ауданынан барған Оңалбаевтар жанұясы жүлделі 2-ші орынды иеленді. Осылайша түрлі сайыстар бойынша өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсеткен Оңалбаевтар жанұясы әділ-қазылардың әділ шешіміне ие болды.

Айта кетейік, Оңалбаевтар жанұясындағы отағасы мен жұбайы Н.Оңдасынов мектебінде білікті ұстаздар. Ауданымыздың намысын қорғаған жанұяны Мақтарал ауданы әкімдігі тарапынан шын жүрекпен құттықтаймыз!

![Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14292521_350759031979544_1748414322020552742_n.jpg?oh=fb8672f4284e87a9566d125badfc7b52&oe=587D35AF)

![Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді](https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpf1/v/t1.0-9/14203370_350759008646213_4492103527620113204_n.jpg?oh=574be6d9001bec72a574d932a09ef366&oe=58407458&__gda__=1484065586_1f930db51a940224ac5539ff5ee7df10)

![Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14322191_350759135312867_3124781976646585106_n.jpg?oh=5534062f3c11f1af9969eac199806e8b&oe=5847C6BC)

**(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-taraldy-namysyn-or-a-an-o-albaevtar-zhan-yasy-2-shi-oryndy-ielendi-711314](https://yvision.kz/kk/post/ma-taraldy-namysyn-or-a-an-o-albaevtar-zhan-yasy-2-shi-oryndy-ielendi-711314)