---
title: "Мақтарал жастарының көшбасшысы"
description: "Мақтарал ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, ауданның жастар саясатын ерекше д..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-09-08T22:21:12+00:00"
modified: "2016-09-08T22:44:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-zhastaryny-k-shbasshysy-711158"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-zhastaryny-k-shbasshysy-711158/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақтарал жастарының көшбасшысы

> Мақтарал ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, ауданның жастар саясатын ерекше д...

![Мақтарал жастарының көшбасшысы](http://storage.yvision.kz/images/user/makhtaralbaspasoz/75V6nMY6S332gN4pRu8RyGazLB3q1t.png)

**Мақтарал ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, ауданның жастар саясатын ерекше дамытып жүрген Мұхтар Бейсенбаев туралы көптеген аудан жастары білгісі келеді.**

"Қазақтың жастары қандай болу керек?" десе мен Мухаңды көрсетер ем. Қандай қиын жағдайда болмасын жақсылықтан үмітін үзбейтін, күрмеуі қиын мәселелердің бел ортасында жүріп өзінің бар мүмкіндіктерін көре алатын, оптимистік көзқарастан танбайтын Мұхтар Бейсенбаевтың мінез-құлқынан көшбасшылыққа тән барлық қасиеттер табылады.

Іске адалдық – жүректің түбінде жататын үлкен күш. Сонымен қатар, ол тек қана нақты іс-әрекеттермен ғана айқындалады. Мұхтар Бейсенбаевтың ерекшелігі – өз ісіне адалдық танытуы. Көшбасшы адам көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап болады, ал оны тек өзнің ісіне деген адалдығы және талмай еңбек етуі арқылы ғана жеңіп шыға алады. Бұл туралы Еділ патша: *«Біздің ұлт өмірлік дағдымен машық болып қалыптасатын көшбасшылық шеберлікті меңгеру үшін адалдық пен батылдықты қастерлеуі тиіс»* - деп жазып қалдырған екен. Расында, адалдық пен батылдық ең ұлы қасиеттердің қатарында тұратынын Мухаң біледі және оны өмірлік ұстанымы етіп алған.

Президентіміз Н.Назарбаевтың өзі: *«Егер өз жұмысыңды жақсы көрсең, егер өз еңбегіңнің нәтижесін көрсең – осының өзі рухтандырады. Бұл іскер көшбасшылар үшін шабыттандырушы күш болып табылады. Ол әркез «жер жырта» жұмыс істеуі тиіс»* - дейді. Мұхтар Бейсенбаевтың жер жырта жұмыс істеуіне қарап, ол өзінің жұмысын өте жақсы көретіні, оған үлкен жауапкершілікпен қарайтындығы айқындалады.

Ол кез келген адамды өзіне қаратып, оған әсер етіп, өзіне бағындыра алады. Мухаңның қасында жүріп оның көшбасшылығына, іскерлігіне, алдына қойған жобалары мен жоспарларын орындау үшін бар күш-жігерін аямайтынына куә боласың. Мұндай көшбасшылармен қарым-қатынасқа түскен адам қашанда өзіне шабыт алып, қоршаған ортасын нұрмен бөлеп, адамдарды өзіне магнит тәрізді тарта алады. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды **«үмітпен жүретіндер»** деп сипаттаған екен.

Нағыз күш – рухани күш, жүректің күші. Бүгінгі заманда проблемаларды шешу ақылға емес, тәуекелдің көрсеткішіне, рухани жігерлілікке келіп тіреліп жатыр. Ақылың қанша көп болғанымен рухани күшің, іскерлік мінез-құлқың болмаса, алған біліміңнің бір тиын пайдасы жоқ. Бұл ретте, Мақтарал жастарының көшбасшысы бола білген Мұхтар Бейсенбаев сияқты іскер жастардың тәжірибесін басқаларға насихаттау – еліміздегі адам капиталын өсіру үшін қажет-ақ.

 

**(с) Дінмұхамед Аязбеков**

**Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметкері**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-zhastaryny-k-shbasshysy-711158](https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-zhastaryny-k-shbasshysy-711158)