---
title: "Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков"
description: "Бүгін Мақтарал ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секто..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-08-19T08:24:46+00:00"
modified: "2016-08-19T08:26:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-audanynda-zhalpy-memlekettik-yzmetter-boyynsha-2501-adam-zh-myssyzdar-tirkeuine-alyn-an-ayd-707833"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-audanynda-zhalpy-memlekettik-yzmetter-boyynsha-2501-adam-zh-myssyzdar-tirkeuine-alyn-an-ayd-707833/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков

> Бүгін Мақтарал ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секто...

![Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13962771_333436160378498_6293606908261398058_n.jpg?oh=6f01c7a924b310f6ce875ebd9d4d1dc4&oe=58467E28)

**Бүгін Мақтарал ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секторы «Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.**

«Әлеуметтік көмек көрсету және халықты жұмыспен қамту бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» өз баяндамасында Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері Джанибеков Нұрмұхамед 2016 жылы 6 сәуірде қабылданған «Халықты жұмыспен қамту» Заңы туралы және Халықты жұмыспен қамту орталығының ережелері жайлы қатысушыларға толық түсіндіріп берді. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік секторы меңгерушісі Айдарбек Тыныбеков: *«Қазіргі таңға дейін Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған, оның ішінде екінші мемлекеттік қызмет сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстарға 234 адам, дерек қордағы бос жұмыс орындарына 855 адам, жастар тәжірибесі аясында ашылған жұмыстарға 506 адам, әлеуметтік жұмыстарға 790 адам, инфра құрылымдық жобаларды іске асыру барысында құрылған жұмыстарға 71 адам, қайта даярлау курстарына 45 адам жолданған»* - деген ақпаратты жеткізді.

![Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13939290_333436217045159_799136801200590550_n.jpg?oh=63d83bedac420566d46dfc6aa830d65b&oe=58581792)

![Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xfp1/v/t1.0-9/14067661_333436163711831_4692033724292579752_n.jpg?oh=c06343f1552153a867fc7c98d42763ce&oe=58130B31&__gda__=1481934776_435a3b2cd62741e36bcfc50fd12de235)

![Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13920854_333437207045060_2315859396648113255_n.jpg?oh=7eaed0f7b6616fdfde7bc8247a43f3ea&oe=585104C3)

![Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков](https://fbcdn-sphotos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xta1/v/t1.0-9/13882534_333436133711834_7889469464144774151_n.jpg?oh=78771534d2c4d3c3f7183693553ac8cc&oe=58135E10&__gda__=1482483353_26c8a9386455594e4d54ddce812712aa)

![Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13962771_333436160378498_6293606908261398058_n.jpg?oh=6f01c7a924b310f6ce875ebd9d4d1dc4&oe=58467E28)

**(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-audanynda-zhalpy-memlekettik-yzmetter-boyynsha-2501-adam-zh-myssyzdar-tirkeuine-alyn-an-ayd-707833](https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-audanynda-zhalpy-memlekettik-yzmetter-boyynsha-2501-adam-zh-myssyzdar-tirkeuine-alyn-an-ayd-707833)